Сарагоса
Қала | |||||
Сарагоса | |||||
Zaragoza | |||||
| |||||
Әкімшілігі | |||||
---|---|---|---|---|---|
Ел | |||||
Автономды бірлестігі | |||||
Провинциясы | |||||
Мэр|Мэрі |
Педро Сантистеве | ||||
Тарихы мен географиясы | |||||
Координаттары |
41°39′00″ с. е. 0°54′00″ б. б. / 41.65000° с. е. 0.95000° б. б. (G) (O) (Я)Координаттар: 41°39′00″ с. е. 0°54′00″ б. б. / 41.65000° с. е. 0.95000° б. б. (G) (O) (Я) | ||||
Жер аумағы |
1063 км² | ||||
Биіктігі |
199 м | ||||
Уақыт белдеуі | |||||
Тұрғындары | |||||
Тұрғыны |
701 090 адам (2017) | ||||
Тығыздығы |
682,84 адам/км² | ||||
Ресми тілі | |||||
Сандық идентификаторлары | |||||
Пошта индексі |
50001-50018 | ||||
zaragoza.es (исп.) | |||||
Сарагоса шекарасы
| |||||
Ортаққордағы санаты: Сарагоса |
Сарагоса (ис. Zaragoza [θaɾaˈɣoθa]) — Испания мемлекетінің сотүстік-шығысындағы қала. Арагон автономды бірлестігіне қарасты Сарагоса провинциясының құрамына кіреді.
Эбро өзенінің орта ағысында және 200 метр теңіз биіктігінде орналасқан. 2010 жылы 30 қыркүйекте жүргізілген санақ бойынша тұрғындарының саны 701 090 адамды құрайды. Алып жатқан жер аумағы 1063 км² шамасында. Тұрғындарының саны жөнінен Сарагоса Испания мемлекетінде бесінші орынды алады.
Сарагоса қаласында 2008 жылы жаз айында су және тұрақты даму мәселелері бойынша Бүкіләлемдік көрме "Expo 2008" өтті.Сондай-ақ бұл қала "Еуропалық мәдени астана" атауына да кандидаттығын ұсынған.
Тарихы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Сарагоса б.з.д 24 жылы римдіктердің әсерімен негізі қаланған.Алғашында Цезараугуста колониясы деген атпен құрылған,кейінірек осы атаудан бүгінгі "Сарагоса" атауы пайда болған.380 жылы Сарагоса қаласында жалпы христиандық синод өткізілді.
VIII ғасырдан бері Сарагоса Кардов халифаты билігінде болды және Солтүстік Испания христиандық корольдігіне қарсы күресте мавритандық форпост қызметінде болды.Халифаттың күйреуінен кейін қала тәуелсіз мұсылман мемлекетіне айналды.Бұған дейін 1118 жылы Арагон патша мен Наварра Альфонсо I Реконкиста үстінде қаланы жаулап алады,соңында Сарагоса корольдіктің гүлденген астанасына айналады.Альфонсо I әмірі бойынша Сарагосадағы бүкіл арабтар қаладан кетуге тиіс болды.XII ғасырдың соңынан Сарагоса Арагонның орталығы болды және Испания мемлекетіндегі саяси орталықтардың біріне айналды.Бұл 1384 жылға дейін Педро IV қалаға баса-көктеп кіріп,оны Габсбург әулетінің билігіне қосқанға дейін жалғасты.1492 жылы қаладағы арабтар мен еврейлер біржолата қуылады.Бұл қала тұрғындары санының азаюына алып келді,алайда бұған қарамастан Сарагоса Испаниядағы ірі қалалардың бірі болып қалды ( 1548 жылы мұнда 25 000 адам тұрды ).
XV ғасырдың соңында Испанияның бірігуінен кейін қала өз маңыздылығын жоғалтады,бірақ француздарға қарсы тәуелсіздік үшін соғыс кезінде қаланың қайта даңқы шыға бастады.Бұл соғыста 50мың адам қаза тапты.
Экономикасы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Ауданда ауыл шаруашылығының рөлі азаюда,қала экономикасының негізін өнеркәсіп құрайды.1982 жылы қала шетінде Opel автокөлігін шығаратын General Motors компаниясының зауыты ашылды.
Білім саласы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Арагон ауданында балалар 6 жасқа толған кезде бастауыш сыныпқа барады.11-ден 16 жасқа толғанға дейін оқушылар орта мектепке баруға міндетті (E.S.O or "Educacion Secundaria Obligatoria).Бұл екі кезең барлық оқушыларға міндетті.Осыдан кейін білімін жалғастырғысы келетіндер "Bachilleratoны" оқи алады.Бұл университетке түскенге дейінгі соңғы кезең."Bachillerato" екі жылға созылады,мұнда университетке түсуге дайындық ретінде пәндерді таңдауға болады.Оқушылар "Bachilleratoны" бітірген соң университетке түсу үшін бірыңғай емтихан тапсырады.Бұл емтихан P.A.U. ("Prueba de acceso a la universidad") деп аталады.
Өнері
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Сарагосада көркемөнер және өлкетану мұражайы бар."Сарагосадан табылған қолжазба" романында және "Сарагосадан табылған қолжазба" атты фильмде Сарагоса қаласы бейнеленген.
Сыртқы сілтемелер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]
Бұл — Испания географиясы бойынша мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. |