Санди Сұлтан
Бұл мақала әлі тексерістен өтпеді. Тексерілмеген мақалалардағы мәліметтер сенімсіз болуы мүмкін.
|
Санди Сұлтан | |
Туған күні | |
---|---|
Туған жері | |
Ұлты |
қазақ |
Қызметі |
Журналист |
Балалары |
Ұлы - Санжар, қызы - Айсель |
Санди Сұлтан'17 мамыр 1975 жыл, Алматы қаласы, Қазақстан) - танымал тележүргізуші, журналист, Астана телеарнасындағы жаңалықтар тілшісі, «SSLab» телелабораториясының негізін қалаушы, медиа-білім саласындағы көрнекті тәлімгер, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде баспасөз хатшысы қызметін атқарды.
Өмірбаяны
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Заң академиясында оқып, Алматыдағы сән бутигінде жұмыс істеді. Бірде дүкенге әйгілі бір адам кірді, бірақ Санди оны танымады. Ол журналист, продюсер, «КТК» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы, қазір марқұм Сергей Клещенков болып шықты. Кетіп бара жатқанда ол: «Ал сіз теледидардан ақпараттық бағдарлама жүргізгіңіз келмейді?» деп сұрады да, визит карточкасын қалдырды. Сөйтіп, оны «КТК» телеарнасына шақырды. Санди бірден теледидарға шықпады - үш ай бойы ол сөйлеу техникасымен, дауыс шығарумен және дикцияны дамытумен айналысты.
Санди Султан 2002 жылдан бері телевизия саласында қызмет атқарады, биыл 17 жыл. «Жаңалықтар», «7NEWS» және «Выход есть» жаңалықтар бағдарламалары арқылы көрермендерге таныс. Еңбек жолын КТК арнасынан және RETRO-FM радиосында жүргізуші болып бастады, «Жетінші» арнада жұмыс істеді. Ол әйгілі қазақ және орыс журналистика шеберлерінен сөйлеу өнері және шешендік өнерді үйренді[1]. 2015 жылдың ақпан айынан бастап «Астана» телеарнасында «Жаңалықтар 20:30» бағдарламасының жүргізушісі. Сонымен қатар 2011 жылдан 2018 жылға дейін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде баспасөз хатшысы болды. Ол өзінің «SS LAB» телелабораториясын құрды.
"SSLAB" телелабораториясы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]«SS LAB» 2015 жылдан бастап жұмыс істейді. Студия ашу идеясы Сандиге әріптестері мен білім алушы ізденушілердің арқасында келді. Қазіргі уақытта жеке жаттығуларға қатысты көптеген ұсыныстар бар. Шешендік өнерді үйренгісі келетіндердің арасында танымал саясаткерлер, бизнесмендер, ұлттық компаниялардың топ-менеджерлері, заңгерлер және басқалар бар. Санди мектебінің басты артықшылығы – университеттерде көбінесе теоретиктер сабақ береді, ал олар практиктер. «Жетінші арна» телеканалының креативті директоры, әйгілі теледидар және радио жүргізушісі Евгений Переверзев «SS Lab»-та сабақ беруге келіскендердің алғашқылардың бірі болды. Кейіннен оларға қазақстандық теледидардың ең жақсы журналистерінің бірі Олжас Рамазанов қосылды, ол шәкірттерімен жүздеген қызықты сюжеттер түсіре алды.
Телевизиялық зертхана Қазақстанда, Астана қаласында, Сейфуллина 31-де орналасқан. Санди Сұлтан басқарған SSLAB тобы «Жетінші арна» студиясында сабақ жүргізеді. Авторлық бағдарлама бойынша шешендік және сөйлеу техникасына оқытады. Әрбір студенттің танымал қазақстандық тележүргізушілерден, продюсерлерден, журналистерден шеберлік сабақтарын өтуге мүмкіндігі бар, теледидарлық макияж суретшілерінен кәсіби макияжды қолдануға үйрену, «Жетінші арна» жаңалықтар студиясында қызықты теория мен теледидарлық тәжірибесін алуға, сонымен қатар сәтті фотосессияның әдістері мен құпияларын зерттей алады. Курстың соңында - емтихан тапсырылады, фото және видео жұмыстары бар жеке портфолио, сонымен қатар сертификат беріледі[2].
Жеке өмірі
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Екі баланың анасы – ұлы Санжар, қызы Айсель. Балалардың жас айырмашылығы 19 жас.
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Санди Султан (орыс.). astanatv.kz. Тексерілді, 28 қазан 2019.
- ↑ Казахстанская телеведущая Санди Султан: "Одним звонком я полностью изменила свою жизнь" (орыс.). FEMME - Модное издание в Кыргызстане. Тексерілді, 28 қазан 2019.