Сал қайық[1] - белгілі бір пунктте жолаушыны, экипажды және жүкті өзен, канал, көл немесе теңіз бұғазынан және т.б. тасымалдауға арналған жүзбелі құрал. Сал қайық жүзбелі бөліктерден және жағалык құрылғылардан, айлақтар мен кемежайлардан тұрады. Қарапайым cал қайық — кәдімгі төсеме сал, жетілдірілген сал қайық — ағаш кеме немесе баржа. Сал қайық ағын су аркылы тартылған канаттың, кол тартпаның, жүк-шығырдың, атты жетектің және ескек немесе қада көмегімен қозғалады. Ірі өзендерде сал қайықты пайдалану үшін ол пароход немесе катерге тіркеледі. Кейбір кездерде мал қайық көпірдің қызметін атқарады.