Сайсағыз
Сайсағыз | ||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
Hyssopus officinalis
| ||||||||||||||
Ғылыми топтастыруы | ||||||||||||||
| ||||||||||||||
түрлері | ||||||||||||||
50 түрі белгілі |
Сайсағыз(лат. Hyssopus) – ерінгүлділер тұқымдасына жататын көп жылдық шөптесін өсімдік, кейде жартылай бұта.
Өсу аймағы мен ботаникалық сипаты
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Қазақстанда тау бөктерлерінде, өзен жағалауында, қау-бетегелі далалық алқаптарда өсетін 4 түрі бар. Жиі кездесетіні — Күмәнді сайсағыз (лат. Hyssopus ambіguus). Оның биіктігі 25-40 см, сабағы төрт қырлы, көп бұтақты. Жіңішке жапырағының шеті бүтін, таспа пішінді. Көк, көкшіл түсті гүлдері сыпыртқы гүлшоғырына топталған. Тостағанша жапырақшаларының ұзындығы 4-6 мм, күлтелерінің ұзындығы 1 см-дей. Аталығының саны – төртеу. Маусым – шілде айларында гүлдеп, тамызда жеміс салады. Тұқымы – үш қырлы жаңғақша.
Емдік қасиеті
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Сайсағыз — дәрілік өсімдік, халық медицинасында оны қақырық түсіруге, тыныс жолдары қабынғанда, сондай-ақ, қолқа демікпесіне, неврозға, стенокардияға, ревматизмге қарсы қолданады. Құрамында эфир майы болғандықтан парфюмерияда пайдаланылады. Гүлінен ара бал жинайды.[1][2][3]