Сайрам ауданы

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Қазақстан ауданы
Сайрам ауданы
Елтаңбасы
Елтаңбасы
Әкімшілігі
Облысы

Түркістан облысы

Аудан орталығы

Ақсукент

Ауылдық округтер саны

11

Ауыл саны

42

Әкімі

Арман Сәбитұлы Сәбитов

Аудан әкімдігінің мекенжайы

Ақсу ауылы, Жібек жолы көшесі, №95

Тарихы мен географиясы
Координаттары

42°25′42″ с. е. 69°50′25″ ш. б. / 42.42833° с. е. 69.84028° ш. б. / 42.42833; 69.84028 (G) (O) (Я)Координаттар: 42°25′42″ с. е. 69°50′25″ ш. б. / 42.42833° с. е. 69.84028° ш. б. / 42.42833; 69.84028 (G) (O) (Я)

Құрылған уақыты

1928

Жер аумағы

1 148[1] км²

Уақыт белдеуі

UTC 5:00

Тұрғындары
Тұрғыны

231 914[2] адам (2023)

Ұлттық құрамы

өзбектер (71,96%), қазақтар (21,26%), орыстар (2,13%), түріктер (2,11%), күрдтер (0,84%), әзірбайжандар (0,55%), басқа ұлт өкілдері (1,15%)[3]

Сандық идентификаторлары
Автомобиль коды

13

Сайрам ауданының әкімдігі

Қазақстан картасындағы Сайрам ауданы

Сайрам ауданыТүркістан облысындағы ең кіші аудандардың бірі болып саналады. Аудан орталығы - Ақсукент. 1928 жылы құрылған. Жерінің аумағы 1,1 мың км² (облыстың 0,9%). Халқының саны 231,9 мың адам (2023).

Географиялық орны, жер бедері

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Солтүстігінде Бәйдібек, батысында Ордабасы, шығысында Түлкібас, оңтүстігінде Төле би аудандарымен және оңтүстік-шығысында Шымкент қаласымен шектеседі.

Ақсу өзенінің бойына орналасқан, жүз жылдан астам тарихы бар барлық автомобиль және темір жолдары осы орталықта түйіседі. Аудан республикалық маңызы бар Шымкент қаласының айналасын қоршап жатыр. Ауданның шығысында Машат өзені, орталығында Ақсу өзені, ал солтүстігінде Арыс өзені ағып өтеді. Аудан жері негізінен оңтүстіктен солтүстікке қарай көлбеу жатқан тауетектік жазық; кей жері төбелі, сайлы-жыралы келеді.

Климаты, өсімдігі мен жануарлар дүниесі

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Климаты континенттік, қысы біршама жылы, жазы ыстық, қуаң, аңызақты. Ауаның орташа темп-расы қаңтарда 3 – 4 °С, шілдеде 24 – 26 °С. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері 250 – 350 мм-ді құрайды. Аудан жерімен Арыс, Ақсу, Сайрамсу, Бадам өзендері ағып өтеді. Аудан аумағында құрылысқа қажетті материалдардың кен орны бар. Жерінің басым бөлігі сұр, сұр-қоңыр топырақты. Аудан жерінің көп бөлігі жыртылған. Табиғи өсімдік егістік, сай-жыралардың беткейлерінде ғана сақталған, жусан, жантақ, жыңғыл, өзен бойында құрақ кездеседі. Жануарлардан қасқыр, түлкі, қоян, борсық, сарышұнақ, қырғауыл, бөдене, кекілік мекендейді. Сайрам ауылының тұрғындарының құрамы көп ұлтты.

1939 1959 1970 1979 1989[4] 1999 2009[5] 2021
 43841 66146 109890 143583 207871 212929 173640 222652

Тұрғындар саны – 207 948 адам (2019). Халқының негізгі бөлігі өзбектер – 71,26%, қазақтар – 21,66%, орыстар – 2,31, түріктер – 2,18%, күрдтер – 0,87%, әзірбайжандар – 0,55%, басқа ұлт өкілдері – 1,17%. Орналасу тығыздығы орташа есеппен 1 км2-ге 135 адамнан келеді (облыстағы халқы ең тығыз орналасқан ауданның бірі). Ірі елді мекендері (2003): Ақсу ауылы (26,4 мың адам), Манкент (25,2), Қарабұлақ (32,8), Сайрам (28,3), Қарасу (8,1), Базарқақпа (5,8), Көлкент (5,5), Қаратөбе (4,9), Қожақорған (4,7), Тассай (4,3), Ақсуабат (3,9), Көмешбұлақ (3,9), Бадам (3,9), Қарабастау (3,8), Ақбұлақ (3,5), Бадам (3,1), Мәртөбе (3,0) ауылдары.

Әкімшілік бөлінісі

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

42 елді мекен 11 ауылдық округке біріктірілген:

Халқының саны (2009, 2021)[6]
Ауылдық округтері 2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әйелдер 2009 Әйелдер 2021 2021 2009-ға пайызбен
Ақбұлақ ауылдық округі 4020 5765 143,4 1990 2912 146,3 2030 2853 140,5
Ақсукент ауылдық округі 34564 38286 110,8 16513 19045 115,3 18051 19241 106,6
Арыс ауылдық округі 7840 10947 139,6 4020 5522 137,4 3820 5425 142
Жібек жолы ауылдық округі 5101 5914 115,9 2502 2971 118,7 2599 2943 113,2
Көлкент ауылдық округі 16209 21623 133,4 8260 10952 132,6 7949 10671 134,2
Қайнарбұлақ ауылдық округі 10259 10289 100,3 5153 5331 103,5 5106 4958 97,1
Қарабұлақ ауылдық округі 35301 51568 146,1 17973 26045 144,9 17328 25523 147,3
Қарамұрт ауылдық округі 12694 16659 131,2 6430 8331 129,6 6264 8328 133
Қарасу ауылдық округі 15571 24097 154,8 7742 11984 154,8 7829 12113 154,7
Құтарыс ауылдық округі 5062 5017 99,1 2569 2600 101,2 2493 2417 97
Манкент ауылдық округі 27019 32487 120,2 13534 16293 120,4 13485 16194 120,1
ЖАЛПЫ САНЫ 173640 222652 128,2 86686 111986 129,2 86954 110666 127,3

Шаруашылығы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Ауданда сүтті-етті мал, биязы жүнді қой, мал азықтық дақыл, астық, көкөніс, жеміс, жүзім, сүт өндіруге мамандандырылған 7 ұжымшар, 5 кеңшар, 1 мал бордақылау бірлестігі, облысы ауылы шаруашылық тәжірибе станциясы болған. Осылардың қатарында «Шымпласт» ЖШС консервілік тауарларды өндіру, «Оңтүстік құс» АҚ құс етін өңдіру, «Арай» ЖШС өсімдік майын өндіретін, «Принир 2001» ЖШС томат пастасын өндіру және тағы басқалар.

Әлеуметтік-экономикалық жағдайы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

2007 жылдың алты айында ауданымызда әлеуметтік-экономикалық даму қалыпты жағдайға түсіп, жалпы экономикалық өсім байқалады. Бюджеттің кіріс бөлігі айтарлықтай ұлғайып, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы салаларында жалпы өнім көлемі өсті, шағын және орта кәсіпкерлік дамыды. Аудан экономикасының сан-саласына едәуір мөлшерде инвестиция құйылды, ипотекалық тұрғын үй құрылысы сапалық жаңа сатыға көтерілді.

Ауданның 2007 жылға арналған бюджетінің көлемі 5 млрд. 469 млн. 551 мың теңгеге нақтыланған, соның ішінде:

-салық түсімдері - 1млрд.190 млн.880 мың теңге;

-салықтық емес түсімдер - 8 млн. 656 мың теңге;

-негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 258 млн. 656 мың теңге;

-ресми трансферттердің түсімдері - 4 млрд. 011 млн. 359 мың теңге;

2007 жылдың 6 айында бюджеттік түсімдер контингент бойынша 1160,6 млн. теңге, соның ішінде аудан бюджеті 790,3 млн. теңге болды, өткен жылдың 6 айымен салыстырғанда 382,0 млн. теңгеге, соның ішінде аудан бюджеті 242,0 млн. теңгеге немесе тиісінше контингент 149,0 пайызға, ал жергілікті бюджет 144,0 пайызға ұлғайды.

ӨК, ЖШС, АҚ және 4739 шаруа қожалықтары ұйымдастырылды. Аудандағы ірі кәсіпорындар: «Манкентсельмаш» АҚ – ауылы шаруашылық машиналарын, «Жер-Ана» ЖШС – жеміс-көкөніс консервілерін, «Арай» ЖШС – өсімдік майын, «Оңтүстік құс» АҚ – жұмыртқа, жұмыртқа ұнтағы, құс еті, құс етінен жасалған шұжық, «Ақсу» ӨК – ауылы шаруашылық өнімдерін өндіреді. Кірпіш завоты жұмыс істейді. 2003 жылдары аудан кәсіпорындары 4316,6 млн. теңгенің өнеркәсіп өнімдерін, соның ішінде 117 т ет және құс еті өнімдері, 4797 т өсімдік майы және тоң майын, 35,8 мың т дәннен және өсімдіктен алынған ұн, 41,4 мың т ауылы шаруашылық малдары үшін дайын жем, 38,6 мың л жүзім шарабы, 73,6 мың л шырындар өндірді. Аудан ет-сүт өндіру, шошқа, құс өсіруге мамандандырылған. ауылы шаруашылық тауарын өндіруде облыс бойынша 8,4%-ды құрайды. Облыстағы ірі қара малдың 18,4%, сиырдың 14,7%, қой мен ешкінің – 6,4%, шошқаның – 30,1%, жылқының –13,4% өсіріледі. С. ауылының ауылы шаруашылық жалпы өнімінің 44,1%-ын ет, сүт, жұмыртқа өндірісі құрайды. Ауданда облыстағы бидай егістігінің 15,1%, арпаның 10,65%, қант қызылшасының 87,0%, мақсарының 14,5%, картоптың 17,3%, көкөністің 14,8%, жеміс-жидектің 21,2%, жүзімдіктің 17,8% орналасқан. ауылы шаруашылық жалпы өнімінің құрылымындағы 19,5% – көкөніс, 12,9% – дәнді дақыл, 6,6% – картоп өндірісінің үлесіне тиеді.

Ауданда жылдан жылға өнеркәсіп саласы жақсы дамып келеді. Ауыл шаруашылығына арналған машиналар және оларды күрделі жөндеуден өткізу, оларға керекті қосалқы бөлшектер шығару, көкөніс түрлерінен консервілер дайындау, шарап өнімдерін, түрлі үлгідегі электродтар жасайтын, спирт өндірісі, құс еті, жұмыртқа өндірісі және басқа да өнеркәсіп тауарларын шығаратын, қайта өңдейтін өндіріс орындары жұмыс істейді.

2007 жылдың 6 айында ауданның өнеркәсіп кәсіпорындары қолданыстағы бағамен, шағын, қосалқы кәсіпорындар мен үй шаруашылығы секторын қосқанда 3 миллиард 518 миллион теңгенің өнімін өндіріп, 2006 жылдың 6 айымен салыстырғанда 590 миллион теңгеге артық немесе 120%-ды құрады. Ірі және орта өнеркәсіп кәсіпорындарында 1 млрд. 856 млн.теңгенің, шағын және қосалқы кәсіпорындарда (үй шаруашылығы секторын қосқанда) 1 млрд. 662 млн.теңгенің өнімі өндірілді.

2007 жылдың 6 айында ауданның өнеркәсіп саласында өнеркәсіптік өнім өндіретін 44-тен аса түрлі меншіктегі ірі, орта және кіші кәсіпорындар жұмыс атқарып, аудан халқының 33 пайызға жуығын жұмыспен қамтамасыз етіп отыр.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылы 30 маусымдағы «Қазақстан Республикасының индустриялық-инновациялық дамуының 2003-2015 жылдарға арналған стратегиясын іске асыру жөніндегі 2006-2008 жылдарға арналған іс шаралар жоспары туралы» №609 қаулысына сәйкес «Оңтүстік Қазақстан облысының 2006-2008 жылдарға арналған өңірлік іс-шаралар жоспарын орындау мақсатында Тассай ауыл округіне қарасты Қызыл-сай елді мекенінде айына 45 тонна макарон өнімдерін шығаратын «Арай-астық» ЖШС-і іске қосылып, 79 жаңа жұмыс орны ашылса, маусым айында бұл мекеме 18 жаңа жұмыс орнына кеңейтіліп отыр. Сайрам ауыл округінде жылына 25 мың дана жылыту жүйелеріне және су құбырларына арналған полипропилен трубалар шығаратын «ПАМИР-С» ЖШС-і іске қосылып, 30 жаңа жұмыс орны ашылды.

Агроөнеркәсіп

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Аудан экономикасының негізгі салаларының бірі болып табылатын ауыл шаруашылығы саласында ағымдағы жылдың алты айында өндірілген жалпы өнім көлемі 3616,1 млн.теңгені құрады, өткен 2006 жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 381,7 млн.теңгеге, немесе 111,8 пайызды құрады.

Ауданымыздағы 17 ауыл округтерінде 20 селолық тұтынушылар кооперативтері құрылып, әділет басқармасынан заңды тұлға ретінде тіркеуден өтті. Құрылған СТК-ларға 5033 шаруа қожалықтары мүше болып кірді. СТК-лар 6 айдың көлемінде барлығы 12 млн 362 мың теңгенің қызметін халыққа көрсеткен.

2007 жылғы 1 маусым күні Шымкент қаласында І-Орта Азиялық халықаралық көкөніс-жеміс Форумы өтті. Осы форумда Сайрам ауданы көрме-жәрмеңкені жоғары дәрежеде ұйымдастырғаны үшін облыс және «ҚазАгроМаркетинг» АҚ басшылығы тарапынан жоғары бағаға ие болды. Форумның қорытындысы бойынша ауданымыздың бірқатар агроқұрылымдары, атап айтсақ Ақсукент, Қарабұлақ, Қарасу ауыл округтерінің кәсіпорындары солтүстік облыстарға 8000 тонна көкөніс, 800000 банкі консерві өнімдерін жеткізу бойынша келісім-шартқа тұрды.

2007 жылы ауданымыздың ауыл шаруашылығы саласын, осы саланы көтеру үшін жылдағы дәстүрден жаңылмай жыл қорытындысы бойынша алдыңғы қатардан көріну үшін жоғары дәрежеде жұмыс істеуді мақсат етіп қойдық.

Кәсіпкерлікті дамыту

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Нарықтық реформалар барысында кәсіпкерлік секторы қоғамда елеулі орынға ие болды. Бүгінгі таңда мемлекет тарапынан шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуға қажетті жағдай жасалды. Атқарылған оң шаралар нәтижесінде 2007 жылдың 6 айында аудан бойынша 11219 кәсіпкерлік құрылымдары тіркелген, оның ішінде 654 заңды тұлға, 6762 шаруа қожалықтары, 3803 жеке кәсіпкер тіркеліп, 45704 адам жұмыспен қамтылған.

Елбасымыздың алдымызға қойған міндеттерінің бірі жаңа жұмыс орындарын ашып, тұрғындарды тұрақты жұмыс орындарымен қамтамасыз ету болатын болса 2007 жылдың 6 ай ішінде 68 шағын және орта кәсіпорындар ашылып, 417 адам жұмыспен қамтамасыз етілді, бұл 2006 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 106,3% құрайды.

2007 жылы 6 ай ішінде кіші және орта бизнес субъектілерінің өндірген өнімнің көлемі 2421,0 млн теңгені құрады бұл өткен жылмен салыстырғанда 116,3% артық. Өндіріс көлемінің өсуі есебінен ауданның салық базасы ұлғайды. Егер 2006 жылдың І-ші жартыжылдығында 135,2 млн.теңге түскен болса, бұл көрсеткіш 2007 жылдың І–ші жартыжылдығында 149,6 млн.теңге немесе 110% құрады.

Бүгінгі таңда туризм саласы экономикамыздың ең маңызды перспективалы салаларының біріне айналып отыр. Болашақта туристік кластер ел экономикасының шикізаттық емес саласында ұзақ мерзімді жобаларды қамтитын болады.

Аудан аумағында 58 тарихи мекендер мен қалашықтар, сонымен қатар архитектура және қала құрылысының ескерткіштері бар. Бұлақ Қазақстан Республикасынан тыс, таяу және алыс шетелдерге кеңінен белгілі, мұсылмандардың қажылық жасайтын орындарының бірі болып табылады.

Үстіміздегі жылдың 9-шы ақпанында аудан әкімдігінің қаулысымен «Сайрам ауданында туризмді дамытудың 2007-2010 жылдарға арналған бағдарламасы» бекітілді. Бағдарлама бойынша ауданда тиісті жұмыстар атқарылуда.

Әлеуметтік сала

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Бүгінгі таңда ауданда әлеуметтік сала бойынша ҚР заңдары мен нормативтік актілерінің негізінде, Сайрам аудандық мәслихат сессиясының 2006 жылғы 13 сәуірдегі шешімімен бекітілген «Халықты жұмыспен қамтудың және әлеуметтік қолдаудың», «Мүгедектерді оңалтудың» 2006-2008 жылдарға арналған аудандық бағдарламалары іс жүзіне асырып келеді. Қабылданған бағдарламаға сәйкес, жоспарланған жұмыстар аудан бойынша өз дәрежесінде атқарылып келеді.

Өмірлік деңгейлері кедейшілік шегінен және азық-түлік себетінен төмен, аз қамтылған отбасыларын әлеуметтік қорғау бойынша ауданымызда нәтижелі жұмыстар атқарылып келеді. Бүгінгі таңда 777 адамға 4 млн 500 мың теңге атаулы-әлеуметтік көмек тағайындалып,толығымен төленді.

Аудан бойынша өткен жылдың есепті мерзімімен салыстырғанда кедейлер саны 78,7 пайызға, ал атаулы әлеуметтік көмекке төленген қаржы мөлшері 57 пайызға кеміді. Кедейлер санының кемуіне, осы отбасыларының қосалқы шаруашылықтарын дамытуға шағын несие, мал және жер бөлу оң себептерін тигізді.

Биылғы жылы облыс әкімінің орынбасары Т.К.Дүйсенованың басшылығымен, Сайрам ауданында алғашқы рет аз қамтылған отбасыларын шағын несиемен қамтамасыз ету бойынша пилоттық жоба іске асырылуда.

2007 жылдың алты айында 617 жаңа жұмыс орындары ашылып, бағдарлама көрсеткіштері 104,2 пайызға орындалып отыр, ал ақылы қоғамдық жұмысқа тарту жоспары 181 пайызға орындалды.

Тарихи тұлғалар

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Сыртқы сілтемелер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]