Мазмұнға өту

Сай

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Сай [1]тау етектерінде, далаларда ұшырасатын, көбінесе делювийлік шөгінділермен көмкерілген көлбеу жағалаулы құрғақ немесе уақтылы ғана су ағатын шағын аңғарша, көбіне құрғақ, кейде маусымдық су ағатын, беткейі көлбеулене келген ұзын ойыс.

  • Сай жер бетінің эрозияға ұшырауынан (қар және жаңбыр суыны) және жыралардың одан әрі дамуынан қалыптасады.
  • Ұзындығы 10 — 15 км-ге, ені жүздеген м-ге, тереңдігі ондаған м-ге дейін жетеді.
  • Табаны мен беткейлері шабындық ретінде пайдаланылады; егін, бау-бақша өсіріліп, елді мекендер орналасады.[2]

Сай [3]

  1. кұрғақ немесе уакытша су ағатын, көлбеу келген ойыс табанды (табаны мен беткейлері түйетайланып тегістелген жыра), беткейлері шығыңқы әрі шымдақ, кейде бұталар өскен аңғар. Ұзындығы ондаған км, ені 100 м, тереңдігі ондаған м болады. Көбінесе орманды дала мен далалық белдемдерде кездеседі. Сай жыралардың соңғы сатысына жатады;
  2. қар және жаңбыр суының өрекетінен пайда болатын жыра, басқаша айтқанда, жыраның ақырғы сатысы, беткейлері мен үстін шым басқан. Жылдың басым бөлігінде құрғақ болып, кейбір маусымда су ағып жататын көлбеу беткейлі ойыс. Сайдың ұзындығы 10—15 км- ге, терендігі ондаған, ені жүздеген метрге дейін жетеді, табаны мен беткейлері шабындык ретінде пайдаланылады, бау- бақша өсіріліл, онда елді мекендер орналасады.

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Геология— Алматы: "Мектеп" баспасы", 2003.ӀSВN 5-7667-8188-1 ӀSВN 9965-16-512-2
  2. Қазақ энциклопедиясы, 7 - том
  3. Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі. Су шарушылығы. – Алматы, «Мектеп» баспасы, 2002 жыл.