Сабақгүл
Сабақгүл | ||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
Ғылыми топтастыруы | ||||||||||||||
| ||||||||||||||
түрлері | ||||||||||||||
25 түрі белгілі |
Сабақгүл, киксия (лат. Kickxia) – сабынкөктер тұқымдасына жататын бір жылдық шөптесін өсімдік. Қазақстанда 1 түрі – күндешік (K.elatine) Түркістан, Батыс Тянь-Шань жоталарында өседі.
Ботаникалық сипаты
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Биіктігі 15-100 см, түбінен бастап бұтақтанған сабағы жатаған, бұтақтары жіңішке келеді, сыртын безді түк жапқан. Сағақты жапырақтары домалақ немесе жалпақ жұмыртқа тəрізді, бүтін жиекті. Ашық сары түсті дара гүлі жапырақ қолтығына орналасқан, үстіңгі ернінің сыртқы жағы қошқыл күлгін түсті болады. Тостағаншасы түбіне дейін таспа тəрізді буындарға бөлінген, сирек жіңішке түкті. Аналық мойны жалпақ, тік. Жемісі – шар тəрізді қауашақ, екіге қақырап ашылады. Шілде–қыркүйек айларында гүлдеп, жеміс береді. Лесс топырақты тау баурайларында, жазық жерлерде арамшөп ретінде өседі. Сабақгүлді емдік шөп ретінде суық тигенде, қызу көтерілгенде, жараларға таңу үшін пайдаланады.[1]
Түрлері
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- Kickxia aegyptiaca (L.) Nábelek
- Kickxia caucasica (Muss.Puschk. ex Spreng.) Kuprian.
- Kickxia cirrhosa (L.) Fritsch
- Kickxia collenetteana D.A.Sutton
- Kickxia commutata (Bernh. ex Rchb.) Fritsch
- Kickxia × confinis (Lacroix) Soó
- Kickxia corallicola D.A.Sutton
- Kickxia dentata (Vahl) D.A.Sutton
- Kickxia elatine (L.) Dumort.
- Kickxia elatinoides (Desf.) Rothm.
- Kickxia floribunda (Boiss.) Täckh. & Boulos
- Kickxia glaberrima (J.A.Schmidt) D.A.Sutton
- Kickxia gombaultii (J.Thiébaut) Mouterde ex Charpin
- Kickxia hartlii (Betsche) D.Heller
- Kickxia lanigera (Desf.) Hand.-Mazz.
- Kickxia membranacea D.A.Sutton
- Kickxia papillosa R.R.Mill
- Kickxia pendula (G.Kunkel) G.Kunkel
- Kickxia petiolata D.A.Sutton
- Kickxia pseudoscoparia V.W.Sm. & D.A.Sutton
- Kickxia sabarum V.W.Sm. & D.A.Sutton
- Kickxia saccata D.A.Sutton
- Kickxia scalarum D.A.Sutton
- Kickxia spiniflora (O.Schwartz) D.A.Sutton
- Kickxia spuria (L.) Dumort.[2]
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5
- ↑ Yousefi, Nafiseh; Zarre, Shahin & Heubl, Günther (2016), "Molecular phylogeny of the mainly Mediterranean genera Chaenorhinum, Kickxia and Nanorrhinum (Plantaginaceae, tribe Antirrhineae), with focus on taxa in the Flora Iranica region", Nordic Journal of Botany, 34 (4): 455–463, doi:10.1111/njb.01000