Рок-н-ролл даңқ залы

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Координаттар: 41°30′31″ с. е. 81°41′44″ б. б. / 41.50861° с. е. 81.69556° б. б. / 41.50861; -81.69556 (G) (O) (Я)
Рок-н-ролл даңқ залы
ағылш. Rock and Roll Hall of Fame
логотипі
Құрылған уақыты 1983
Орналасқан жері Кливленд, Огайо
Мұражай түрі даңқ залы
Келушілер саны 543,000 (2016)[1]
Директоры Грег Харрис
rockhall.com
Логотип Ортаққордағы санаты: Рок-н-ролл даңқ залы

Рок-н-ролл даңқ залы (ағылш. Rock and Roll Hall of Fame) — Кливленд қаласында (Огайо, АҚШ) орналасқан мұражай және ұйым. Мұражайда рок-музыканың тарихы және оның дамуына әсер еткен әртістер, продюсерлер, инженерлер және басқа да көрнекті қайраткерлер мен қызметкерлер құжатталады.

Рок-н-ролл даңқ залының қорын 1983 жылы 20 сәуірде «Atlantic Records» негізін қалаушы және төрағасы Ахмет Ертегун құрды. Дұрыс қаланы ұзақ іздегеннен кейін, Кливленд 1986 жылы Даңқ залының тұрақты үйі ретінде таңдалды. Сәулетші Бэй Юймин жаңа мұражайдың жобасын жасады және ол 1995 жылы 1 қыркүйекте ашылды.

Ұйымдастыру комитетінің 1986 жылғы бірінші отырысында алғашқы он мүшенің есімдері аталды: Джеймс Браун, Рэй Чарльз, Фэтс Домино, The Everly Brothers, Чак Берри, Джерри Ли Льюис, Литл Ричард және марқұм Сэм Кук, Бадди Холли және Элвис Пресли.[2] Залдың жаңа мүшелері жыл сайын жарияланады; «Залға кіру» салтанатында олар әдетте концерт береді. Рок-музыканттардан басқа, заллдың құрметті мүшелеріне Ритм-н-блюз өкілдері (Стиви Уандер, Эл Грин, Марвин Гэй және т.б.), рэперлер (Grandmaster Flash, Run DMC және Тупак Шакур) және басқа академиялық емес музыка стильдердің өкілдері кіреді.

Орындаушылар бірінші сингл шыққаннан кейін 25 жыл өткен соң ұсынылады. Мысалы, Джон Леннон 1994 жылы өзінің алғашқы синглы (Give Peace a Chance, 1969) шыққаннан кейін тура 25 жыл өткен соң ұсынылды.

Музыка тарихшыларынан құралған іріктеу комитеті әртістерді төрт негізгі санатқа үміткер ретінде таңдайды (әншілер, топтар және аспапшылар; композиторлар мен продюсерлер; рок-н-роллдың бастаушылары; сессия музыканттары). Кейіннен таңдау 1000-ға жуық сарапшының дауыс беруі арқылы жүзеге асырылады: университет оқытушылары, журналистер, продюсерлер және музыка индустриясында тәжірибесі бар басқа адамдар. Сайлану үшін кем дегенде 50% дауыс жинау керек. Жыл сайын бес-тоғыз адам таңдалады.

Рок-н-ролл даңқ залы мүшелерінің тізімі

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Орындаушылар

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Орындаушы емес (Ahmet Ertegun Award)

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Орындаушы емес номинация "рок-н-роллдың дамуына үлкен әсер еткен ән жазушыларды, продюсерлерді, диск-джокейлерді, дыбыс жазу жетекшілерін, журналистерді және басқа да сала мамандарын" марапаттайды. 2008 жылы бұл номинация атауы "Ахмет Ертегун сыйлығы" болып өзгертілді.

Ерте/музыкалық ықпалы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Ерте музыкалық ықпалы санатына енгізілген әртістер бастапқыда "музыкасы рок-н-роллдан бұрын болған, бірақ рок-н-роллдың эволюциясына әсер еткен және роктың жетекші әртістерін шабыттандырған" адамдарға арналған. 2023 жылы сыйлықтың атауы «Ерте әсерден» «Музыкалық әсерге» өзгертілді.

Музыкалық шеберлігі үшін марапат

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

2000 жылы «Сайдемен» ретінде құрылған санат «өз мансабын назардан тыс қалдырған, жазба және концерттік мансаптарының әртүрлі кезеңдерінде ірі әртістермен жұмыс істеген музыканттарды, продюсерлерді және басқаларды құрметтейді».

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. 2015–16 Annual Report (PDF) (2016).
  2. The Rock and Roll Hall of Fame and Museum. Басты дереккөзінен мұрағатталған 10 сәуір 2007.(қолжетпейтін сілтеме) Тексерілді, 25 қаңтар 2009.
  3. Rock and Roll Hall The Beatles (2014). Тексерілді, 9 février 2014..
  4. Class of 2018 Inductees. Rock & Roll Hall of Fame.com. Тексерілді, 2 қаңтар 2018.
  5. Rock & Roll Hall of Fame - 2019 Inductees. www.rockhall.com. Тексерілді, 30 наурыз 2019.
  6. Elizabeth Cotten | Rock & Roll Hall of Fame.