Пуштундар
Пуштундар | |
Ауғанстандағы пуштундар | |
Бүкіл халықтың саны | |
---|---|
42 млн. | |
Ең көп таралған аймақтар | |
Пәкістан |
28 млн. |
Ауғанстан |
12 млн. |
БАӘ |
315 мың |
Ұлыбритания |
100 мың |
Канада |
26 мың |
Үндістан |
10,930,000 |
АҚШ |
7710 |
Малайзия мен Сингапур |
5100 |
Тілдері | |
пушту тілі, сонымен қатар урду мен дари | |
Діні | |
Пуштундар, паштундар (пушт.: پښتانه бат. [paʂtun], шығ. [paxtun]
, парсы: پختون, урду: پٹھان, хинди पठान) немесе ауғандықтар (парсы: افغانی) — негізінен Ауғанстанның оңтүстік, оңтүстік-шығыс және оңтүстік-батыс аймақтарын және Пәкістанның солтүстік-батысын мекен ететін ирандық халық. Ерекшеліктері: шығысирандық пашто тілі, көшпенділік дәстүрлері, Пуштунвалай ар-намыс кодексі және тармақталған ру-тайпалық құрылым. Пуштундардың нақты санын анықтау Ауғанстанда 1979 жылдан бері халық санағы жүрмегесін қиындық тудырады, бірақ шамамен 42 млн. адам деп есептелінеді. Олардың тек 30% ғана Ауғанстанда тұрып, сол елдің негізігі және басым этносы саналады.
Пуштундардың еврейлерден шыққаны жайындағы аңыз
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Пуштундар («пашту» немесе «пушту» еврейдің «пашт» деген сөзінен шыққан, аудармасы: «шашыраған», «бытыраған») – өздерін еврейлердің ұрпақтарымыз деп санайды, дәлірек айтқанда, Саул патшаның Ауған деген немересі болған, содан тараған. Ерте заманда бабыл патшасы Набуходоносор оларды Ғазарға (Хазар) жер аударған. Аңыз бойынша, Саулдың Иеремей деген ұлынан Ауған туған, оның ұрпақтары бірнеше ғасырдан кейін (қазіргі Ауғанстан жеріндегі) Джат шаһарына қоныс аударған. Сол өлкеге арабтар келгенде, олардың Халид ибн Уәлид есімді әскер қолбасшысы Ауғанның тікелей ұрпағы Киш бастаған еврей ру-тайпаларының көсемдерімен кездескен. Киш Исламды қабылдап, өзіне Әбдул ибн-Рашид деген мұсылмандық есімді алды. Осы есімімен атағы шығып, Мұхаммед пайғамбардың ﷺ сахабасына айналған және көптеген әскери жетістіктерге жеткен.[1][2]
Біршама араб деректері Ауған ұрпақтарының қоныс тепкен жерін және сол жерлерге нақты қай уақытта келгендігін сөз етеді. Мысалға, «Мират үл-Алам» («Әлем айнасы») яһудилердің жиһанкезушілігі жайында және Киелі Мекендерінен шығып Ғхор, Ғазни және Кабул деген жерлерге қоныс тепкенін жазады. Сайед Жәләл әд-Дин Ауғани және Сайед Әбдул Жәббар Шах секілді авторлар: шахзада Ауғанның ұрпақтары Исраилдың жоғалған рулары деп турасынан айтады. Ауғанстанның астанасы Кабулдың атауы көне Самарияның бір мекенімен үндес. Сондай-ақ, Ауғанстанда Сүлеймен патша атты тау бар. Ауған ру/тайпаларының атаулары да еврейлік тайпаларға ұқсайды: Юсуфзай/Иосиф, Африди/Ефрем және т.б. «Табакати Насири» («Tabakati Nasiri») атты жазбада айтылады, Шансабилік династия кезінде Гхор (Ghor) аумағында Ғераттың оңтүстік-шығыс жағында Бани Исраил (ауд.: Исраилдің ұрпақтары) деген халық тұрған.Олар көршілес елдермен сауда-саттық жасасқан. 622-ші жылы Бани Исраил халқы Киш арқылы исламды қабылдаған.[3] Еврейлік саяхатшы Бениямин Тудели (12 ғ.) «Нисбор» тауы мен «Ғазон» өзініндегі Дана, Ашера, Звулуна және Нафтали атты еврейлік төрт тайпаның патшалығы жайында жазады.[4] Ресейдің Кабулдегі бірінші елшісі Иван Викторович Виткевич (1808-1839) Петербургқа оралғанда, пуштундардың көбі өздерін көне Израилдің жұртымыз деп санайтындығын айтып, таңғалысын жасырмаған. Британдық саяхатшы Александр Борнс 1843 жылы баспа көрген жазбаларында, Кабулдың көптеген тұрғындары өздерін «Бани Исраил» (яғни, «Исраилдің ұрпақтары») деп атайтындығын жазған.[5]
Пуштундардың сыртқы пішіндері еврейлерге ұқсайды.[6][7] Сондай-ақ, пуштундарда әлі күнге шейін кейбір яһудилік салт-дәстүрлер сақталған: олар 8-ші күні ұлдарын сүндеттейді, пейсің өсіреді, левират (әмеңгерлік) салтын ұстанады, шаббат күнін құрмет тұтады және т.с.с. Ауыл аймақтағы тұрғындар әлі күнге шейін «Шма, Исраэл» («Тыңда, Исраил») деген жазуы бар бойтұмарлар тағады.[8] Бұхарада туған әйгілі Ибн Сина (Авицена), өзін кезінде исламды қабылдаған Тчалелік (Tchale) еврейлерден шыққанын айтқан.[9]
Генетикалық сараптама пуштундардың еврейлерден шыққанын растайды.[10]
[11]
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ "Афганцы и кашмирцы - потомки потерянных колен Израиля" "Massih Hindustan Main", Islam International Publications LTD
- ↑ "Afghanistan" shavei.org
- ↑ "Пуштуны - потерянное колено Израиля?" "Центральный еврейский ресурс"
- ↑ "Книга странствий Раби Вениамина" "Три еврейских путешественника". М. Мосты культуры. 2004
- ↑ "Загадка истории: пуштуны – афганские потомки евреев?" Статья из журнала "Эхо планеты".
- ↑ "Пуштуны - потомки Израиля" youtube.com
- ↑ "Народ Пуштун (Pashtun people) - потомки потерянных колен Израиля" youtube.com
- ↑ "Десять потерянных колен Израиля" Мұрағатталған 1 қазанның 2015 жылы. translarium.info
- ↑ "The Israeli Source of the Pathan Tribes" dangoor.com
- ↑ DNA & tradition: the genetic link to the ancient Hebrews, By Yaakov Kleiman. Yaakov Kleiman — 2004—204 pages — Page 71.
- ↑ Genetic microdifferentiation in human and other animal populations: proceedings of the international symposium held at Hyderabad, India, желтоқсан 1983 Society of Biological Chemists (India), Osmania University. Dept. of Genetics Indian Anthropological Association, 1985—252 pages — Page 160.