Пропилеи
Пропилеи (гр. рrореlаіоn - кіре беріс, қақпа) - портиктер және бағаналар тізбегінен көмкерілген салтанат қақпасы. Пропилеи тұрғызу Ежелгі Грекия архитектурасына (эгей мәдениеті дәуірінен белгілі) тән. Негізінен, Акропольге немесе Теменосқа (қасиетті орынға) кірер жолда тұрғызылатын болған. Афиныдағы Ақропольға кіре берістегі пропилеи (б.з.б. 437 - 432, арх. Мнесикл) жоғарғы классика дәуірінде тұрғызылған ежелгі грек сәулет өнерінің тамаша туындысы саналады. 19 ғасырда құрылыстың бұл түріне классицизм сәулетшілері (мыс., Мюнхендегі Пропилеи, 1846 - 60, арх. Л.Кленцев) ден қойды. 19 ғ-дың 2-жартысы мен 20 ғ-дан П. аса ма-ңызды архит. кешен (мыс., Санкт-Петербург қаласындағы Смольныйға кіре берістегі П., 1923 - 25, арх. В.А. Щуко, З.Г. Гельфрейх) немесе ме-мориал құрылыстардың (Санкт-Петербург қаласындағы Пискарев бейітіне тұрғызылған мемориал кешенінің П-і, 1960, арх. А.В. Васильев, Е.А. Левиисон, т.б.) құрамды бөлігі ретінде тұрғызылатын болды.[1]
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |