Бағдарламалау
Бағдарламалау (ағылш. programming):
- бұл тапсырманы қалай орындау керектігін компьютерге нұсқайтын шығармашылық процесс;
- есептегіш машиналар мен құрылғыларға арналған бағдарламаларды құрастыру әдістері мен тәсілдерін зерттейтін тарау;
- компьютерде есеп шешу үшін оны алдын-ала дайындау үрдісі. Ол мынадай кезеңдерден тұрады:
- операциялар жиыны ретінде көрсетілген есеп "шешу жоспарын" жасау (есепті алгоритмдік бейнелеу);
- "шешу жоспарын" бағдарламалау тілінде бейнелеу (программа жазу);
- бағдарламаны машина тіліне аудару;
- командалар тізбегін компьютердің техникалық құралдары арқылы жүзеге асыру (есеп шешу үрдісі).
- мәліметтер өндеу істерін бағдарламалық басқару жұмыстарымен қамтамасыз етуге байланысты көрсетілетін теориялық жөне практикалық қызмет.
Сондай-ақ қолданбалы математиканың компьютер үшін бағдарламалар жазу, оларды тексеру және жақсарту әдістері мен құралдарын зерттейтін тарауды да бағдарламалау деп атайды.
Бағдарламалау — нақты бағдарлама құрылымын жасап, оның мәліметтерін кодтап жазып, оны құрастыру істері де кіреді.[1]
Бағдарламалау:
- есептерді ЭЕМ-де шешу үшін кезектесе орындалатын командалар тізбегіне келтіру үрдісі. Ол есептерді шешу алгоритміне сәйкес бағдарлама жасаудан, оны жөндеуден және қолдану барысында жетілдіру кезеңдерінен тұрады;
- ақпараттанудың ЭЕМ үшін бағдарлама жасау тәсілдерін, сондай-ақ оны жөндеуді және жетілдіруді зерттейтін саласы.
Бағдарламалау ғылым пән ретінде теориялық бағдармалау, жүйелі бағдарламалау және қолданбалы бағдарламалау болып бөлінеді. Бағдарламалаудың негізгі принциптері 1947 жылы американ ғалымдары Дж. Нейман, А. Беркс және Г. Голдстайнның еңбектерінде дами бастады. Қазақстанда алғашқы ЭЕМ-дер (“ЭВ-80-3”, “ИПТ-5” және “Урал-1”), 1960 жылы Қазақстан Ғылым Академиясының машина және есептеу математикасы лабораториясында қолданылды. Онда кен қазбаларының мөлшері мен қорын анықтауға, астрофизика есептерін шешуге т.б. мәселелерге арналған алгоритмдер жасалып, бағдарламалар құрылды. Кейіннен фортран, алгол, паскаль, ПЛ-1, т.б. бағдарламалау тілі пайдаланылды. 1970—1990 жылы республикамыздың көптеген мекемелері, әсіресе жоғары оқу орындары мен ғылыми-зерттеу институттары жылдамдығы әр түрлі ЭЕМ-дермен қамтамасыз етіліп, бағдарлама құрастыру, жетілдіру және оны пайдалану жұмыстары одан әрі дамыды.
Бағдармалауға қойылатын негізгі талап
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Бағдармалауға қойылатын негізгі талап — бағдарламаның анықтылығы және сенімділігі. Бағдарламалау жинақтаушы бағдармалау, құрама бағдармалау және нақтылаушы бағдармалау болып 3 түрге бөлінеді.
- жинақтаушы бағдармалау — жалпы бағдарлама жасау;
- құрама бағдармалау ішкі программалар жиынтығына сүйенеді;
- нақтылаушы бағдармалау берілген класстағы кез-келген есепті шешуге арналған әмбебап бағдарламаны қажет етеді.
Іс жүзінде, бағдармалаудың бұл 3 түрі аралас қолданылады.
Бағдармалау ғылыми-техникалық пән ретінде бағдарлама жасаудың теориясын, методологиясын және технологиясын зерттейді.[2][3]
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Информатика және компьютерлік техника / Жалпы редакциясын басқарған, түсіндірме сөздіктер топтамасын шығару жөніндегі ғылыми-баспа бағдаламасының ғылыми жетекшісі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты А.Қ.Құсайынов. – Алматы: «Мектеп» баспасы» ЖАҚ, 2002 жыл. – 456 бет. ISBN 5-7667-8284-5
- ↑ Любимский Э.З., Мартынюк В.В., Трифонов Н.П., Программирование, М., 1980; Ахметов қаласының, Есептеу техникасы және программалау, А., 1996. Ә. Қазанғапов
- ↑ «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, I том
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл мақалада еш сурет жоқ.
Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |