Мазмұнға өту

Плацдарм

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Плацдарм (фр. plase darmes — әскерге арналған алаң) —

  1. Бір мемлекеттің екінші мемлекетке шабуыл жасау мақсатында пайдаланатын аймағы.
  2. Әскерлердің су бөгетінен өтіп, шабуылмен алған немесе қорғана отырып, кейін шегінгенде қолға ұстап қалған жері. Плацдармды ұстап тұру және оны кеңейту негізгі күштердің су бөгетінен өтуін, олардың шабуылды одан әрі жүргізуін қамтамасыз етеді, келесі шабуылды жасауға қолайлы жағдай туғызады.
  3. Теңіз десанты күшімен теңіз жағалауында басып алынған аймақ, Бұл плацдарм негізгі десант күшін түсіруді және оның келесі шабуылын қамтамасыз етеді.[1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Әскери іс. Алматы:"Мектеп" ААҚ , 2001