Питер Зееман
Питер Зееман | |
нидер. 'Pieter Zeeman' | |
Туған күні | |
---|---|
Туған жері |
Зоннемайре, Нидерланд |
Қайтыс болған күні | |
Қайтыс болған жері | |
Ғылыми аясы | |
Ғылыми жетекші | |
Несімен белгілі | |
Марапаттары |
|
Питер Зееман (нидер. Pieter Zeeman; 25 сәуір 1865, Зоннемайре, Нидерланд — 9 қазан 1943, Амстердам) — нидерланд физигі, физика бойынша Нобель сыйлығының 1902 жылғы лауреаты, Хендрик Лоренцпен бірлесіп, "радиациялық құбылыстарға" магнетизм әсерін зерттеулерде ерен еңбегі үшін алды.
Өмірбаяны
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Питер Зееман 1865 жылдың 25 сәуірде Зоннемайреде Катаринус Форандинус Зееман және оның әйелі Вильгельмина Ворсттің отбасында дүниеге келген.
Лейден университетінде Хейке Камерлинг-Оннес және Хендрик Лоренц басшылығымен оқыған.
1890 жылы ол Лейденде оқыта бастайды. 1896 жылы магнит өрісінің спектрлік сызықтары сәулелену көзіне әсерін зерттейді және әсерін ашады, енді ол Зееман әсері атымен белгілі. Әсерді ашқаны Х. Лоренцтің электромагниттік сәуле шығару теориясының дұрыстығын дәлелдеді.
1900 жылы Зееман Амстердам университетінде физика профессоры болып тағайындады. 1908 жылы ол физика институтының директоры.
1921 жылы ғалым Генри Драпер атындағы медальді алды. Айдағы бір кратер соның есімімен Зееман кратері деп аталған.
Лондон корольдік қоғамының Шетелдік мүшесі (1921), Папа ғылым академиясының мүшесі (1936).
Питер Зееман 9 қазанда 1943 жылы Амстердамда Вермах қаласының басқыншылығы кезінде, Екінші дүниежүзілік соғыс барысында қайтыс болды.
|
- Алфавит бойынша тұлғалар
- Алфавит бойынша ғалымдар
- 25 мамырда туғандар
- 1865 жылы туғандар
- 9 қазанда қайтыс болғандар
- 1943 жылы қайтыс болғандар
- Амстердамда қайтыс болғандар
- Алфавит бойынша Нобель сыйлығының иегерлері
- Физикадан Нобель сыйлығының иегерлері
- Маттеуччи медалінің иегерлері
- Нидерланд физиктері
- Венгр ғылым академиясының мүшелері
- Папа ғылым академиясының мүшелері