Пирц-Уфимцев қорғанысы

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Пирц-Уфимцев қорғанысы

Пирц-Уфимцев қорғанысы дебют, келесі жүрістермен басталады:
1. e4 d6
2. d4 Kf6
3. Kc3 g6

Құрастырып, тәжірибеге югославтық гроссмейстер В. Пирц пен кеңестік және қазақстандық шебері А. Уфимцев еңгізген бұл дамыту жүйесін қаралардың бірінші жүрісі бойынша жартылайашық бастамаларға жатқызды, бірақ онда орын алатын көп позициялар ежелгіүнділік қорғаныспен стратегиялық ұқсастық танытады. Қаралар қорғанысының негізгі ойы – фигураларды 7- мен 8-көлденеңдерде дамыту басымдылығымен одан әрі ақтар орталығына қарсы контр-ойын. Ойынның мұндай стратегиясы қаралармен ойнайтын ойыншының аззерттелген күрделі позицияларға ұмтылғанда қолайлы. Жоғары деңгейде бұл қорғаныс сирек қолданылады. Өткен ғасырда бұл қайталанбас бастаманы әйгілі неміс шебері Л. Паульсен жиі қолданды. Дебют дамуына көп үлес қосқан Анатолий Уфимцев пен Вася Пирцтің құрметіне аталған.

4. f4 — үш сарбаз шабуылык (австриялық шабуыл)
4. f3
4. Cg5
4. Ce2
4. Kf3 — негізгі нұсқа (Геллер жүйесі)

  • Фридштейн Г. C. Защита Пирца — Уфимцева. М.: «Физкультура и спорт», 1980 ж., С. 192