Пироп
Көрініс
Пироп (грек. pyropos — оттай) — анартастар тобының минералы. Хим. формуласы: Mg3Al2[SіO4]3. Минералдың құрамына қоспа ретінде Mn, V, Tі, Cr3 , Fe2 , Fe3 , т.б. кіреді. Ең ірі Пироп (салм. 633 карат) Богемиядан табылған. Сингониясы — кубтық, кристалдары — ромбдодекаэдр пішінді, агрегаттары сеппе күйінде кездеседі. Түсі қою қызыл, жылтырлығы шыны типтес, жымдастығы жоқ; қаттылығы 7 — 7,5. Пироп ультранегізді тау жыныстарында (кимберлит, перидотит) және экологиттерде кездеседі. Мөлдір Пироп зергерлік істе қолданылады.
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, VII том
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |