Мазмұнға өту

Пемза

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
A.

Пемза (лат. pumex — кеуекті) — шыны тәріздес жанартаулық тау жынысы. Пемза жанартау атқылау кезінде булар мен газдарға бай қышқыл лаваның (60 — 73% SіO2) кеуектеніп, тез қатаюынан түзіледі. Түсі сұрғылт, ақ, сары, қара; қаттылығы 5 — 6,5, тығыздығы 2 — 2,3 г/см3. Химиялық инертті, отқа төзімді. Өндірісте құрылыс материалы, химия өнеркәсібінде сүзгі ретінде пайдаланылады.

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

«Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, VII том