Мазмұнға өту

Партеногенез

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Партеногенез, апомиксис (гр. parthenos - тың, genesis — шығу, пайда болу) — көптеген өсімдік және жануарлар организміндегі ұрықтанбаған жұмыртқа клеткасынан ұрықтың дамуы[1]; жыныс жасушаларының қосылуынсыз дамыған жаңа ағза: ұрықтанбаған жұмыртқадан (партеногенез) спорофиттің вегетативтік жасушасынан (апоспория) және т.б. Көбінесе күрделігүлділер, раушангулділер, астық тұқымдастыларда кездеседі.[2][3]

Баларада партеногенез басқаша жүреді, ұрықтанбаған жұмыртқалардан тек аталықтар (трутендер), ал ұрықтанғандарынан аналықтар (аналык, ара) мен жетілмеген аналықтар (жумысшы аралар) дамиды. Жоғары және төменгі температурамем әсер ету арқылы жасанды жолмен ұрықтанбаған жасушалардан жаңа ағзалар дамитыны дәлелденді, бірақ өте сирек кездеседі. Мысалы, бақаның ұрықтанбаған жұмыртқасың 6°С температурада қыздыра отырып, инемен шұқығанда, сол жұмыртқа жасушадан аналық касиеттері бар ересек бақа дамыған.

Атақты орыс генетигі Б.Л. Астауров жасанды партеногенездік жолмен көбею кабілеті бар жібек құртын алды. Жоғары температурамен әсер еткенде жібек құртының аналығында мейоз әрекеті жүрмей, диплоидты хромосома жиынтығы бар жұмыртқа жасушасы пайда болған. Осы жасушадан жұмыртқалары ірі болып келетін (полиплоидия) аналықтар партеногенез жолымен дамыған. Мұңдай әдістерді пайдаланып партеногенездік жолмен жібек құртының аналықтарын алудың қазіргі кезде жібек өңдіруде маңызы зор болып отыр.

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Экология және табиғат қорғау / Жалпы редакциясын басқарған – түсіндірме сөздіктер топтамасын шығару жөніндегі ғылыми-баспа бағдарламасының ғылыми жетекшісі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты А.Қ.Құсайынов. – Алматы: «Мектеп» баспасы» ЖАҚ, 2002 жыл. – 456 бет. ISBN 5-7667-8284-5
  2. Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Биология / Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д., профессор Е. Арын - Павлодар: «ЭКО» ҒӨФ. 2007. - 1028 б. ISBN 9965-08-286-3
  3. Сартаев А., Гильманов М. С22 Жалпы биология: Жалпы білім беретін мектептің қоғамдық-гуманитарлық бағытындағы 10-сыныбына арналған оқулық. — Алматы: "Мектеп" баспасы, 2006. ISBN 9965-33-634-2