Паркет
Паркет – еденге төсеуге арналған қысқа әрі жіңішке тақтай; осы тақтайлардан қиюластырып төселген еден. Паркетті сүрегі қатты ағаштардан (емен, бук, т.б.) жасайды. Паркеттің ұзындығы 150 – 450 мм, ені 30 – 60 мм болады. Жасалу ерекшелігіне орай паркет жеке даналық, әшекейлі (мозаикалы), паркеттік тақтайлар және тақта (щит) паркетке ажыратылады.[1]
Паркет (орыс. паркет, фр. parquet) — әдетте қатты жынысты ағаштардан жасалған еденге төсеуге арналған қысқа және жіңішке тақтайлар. Паркеттің мынандай түрлері болады: дана паркет, өрнекті паркет, паркетті тақта және қалқан. Дана және өрнекті паркет ағаштардың құнды жыныстарынан жасалады.
Паркет жұмыстары
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Паркет жұмыстары (орыс. паркетные работы) — еденді паркетпен жабуға (бет қабатын) арналған жұмыс. Паркетті бетоннан, асфальттан немесе тақтайлардан жасалған қатты тегіс тұтас еденге төсейді. Паркет ағаш еденге шеге арқылы бекітіледі. Жасанды материалдардан жасалған еденге суық немесе ыссы мастика арқылы бекітіледі. Паркетпен жабылған беттер қолмен немесе паркет әдімелеу машинасымен тегістеледі.
Паркет тақтайшаларын жасайтын тізбек
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Паркет тақтайшаларын жасайтын тізбек (орыс. линия изготовления паркетных планок) — тақтайшалардың алдыңғы және сырт беттерін долбарлап және таза жоңғылауға, оң және сол бойлау жиектерінде ойықтарды және тарақтарды қалыптастыруға, сонымен қатар тақтайшаларды ұзындығы бойынша шетжақтау және тақтайшалардың шетжағында ойықтар мен тарақтарды жоңғылайтын тізбек.
Өңделетін материалдың өлшемдері: ұзындығы 150...500 мм, ені 20... 100 мм, қалыңдығы 8... 18 мм.
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Полиграфия, өлшеу техникасы, ағаш өңдеу жабдықтары және металл өңдеу техникасы мен технологиясы: Қазақша-орысша терминдердің түсіндірме сөздігі.
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
|