Мазмұнға өту

Осетиндер

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Осетиндер
Бүкіл халықтың саны

700 000

Ең көп таралған аймақтар
 Ресей

528 515 (2010)

 Түркия

45 000 (2019)

 Сирия

44 000 (2019)

 Грузия

14 385 (2018)

 Украина

8 834 (2010)

 Өзбекстан

7 700 (2019)

 Әзербайжан

2 620

 Түрікменстан

2 310

 Қазақстан

1 326 (2009)

Тілдері

осетин тілі

Діні

православие

ОсетиндерРесей Федерациясының тұрғындары (402 мың адам). Байырғы халқы Солтүстік Осетияда тұрып жатыр (335 мың адамға жуық). Кабардино-Башқұртстан мен Черкессияда, сонымен бірге Грузияда (Оңтүстік Осетияда) да мекендеп жатыр.

Осетин тілі Үнді-еуропалық тілдер жанұясының иран тобы осетин тілінде сөйлейді. Реформаланған кириллицаға негізделген осетин тілінің жазуы 1923 жылға дейін пайдаланылды, содан кейін латын тіліне аударылып, қайтадан орыс (кириллица) графикасының базасына қайтарылды (1938). 1938 жылы Оңтүстік Осетияда осетин тілі үшін қысқа уақыт ішінде грузин графикасы енгізілді. 1954 жылы орыс (кириллица) графикасына негізделген бірыңғай осетин жазуы қалпына келтірілді. Осетин тілі екі негізгі диалектіге бөлінеді: ирон және дигор. Жазу екі диалектінің негізінде пайда болып дамыды, ол осетин әдеби тіліні екі нұсқасының – ирон және дигор тілінің негізіне айналды.[1]

Солтүстік осетиндердің жартысынан астамы православиеліктер болып саналады. Басқа аз бөлігі христиандыққа дейінгі діннен тамыр алатын дəстүрлі осетиндік наным-сенімдерге берілген. Бір бөлігі сүннит исламды ұстанады.[2]

18 ғасыр костюміндегі Солтүстік Кавказ осетині

Осетиндер Солтүстік Кавказды ежелден мекендеген тайпалармен және осында келген скифтермен (б.з.б. 8-7 ғасырлар), сарматтармен (б.з.б. 4-1 ғасырлар), әсіресе аландармен (б.з.1 ғасырдан бастап.) тығыз байланысты. Ертедегі грузин деректерінде, орыс жазбаларында ясы (яс) атауымен белгілі алан тайпалық одағы осетиндердің ұлт болып қалыптасуына шешуші рөл атқарды. 13-ғасырда алан мемлекетін түркі-моңғодар талқандады. Кейіннен Орталық Кавказдың солтүстік беткейінде төрт ірі тайпадан тұратын қауымдар құрылды. 1774 ж. Солтүстік Остетия, 1801 ж. Оңтүстік Остеия (Грузия құрамында) Ресейдің қол астына қарады.
Осетияда байырғы халықтың өтініші бойынша осетиндердің атын аландар деп өзгерту мәселесі талай рет көтерілді. 1992 жылы Солтүстік Осетияның ақсақалдар кеңесінде Солтүстік Осетияны Алания, осетиндерді - Аландар деп атау туралы шешім қабылданды.

Ежелгі заманнан бері осетиндердің негізгі кәсібі мал шаруашылығы мен егіншілік болды. Жазықта жүгері, тары, бидай, арпа өсірілді. Бірте-бірте адамдар картоп өсірумен және бау-бақшамен айналыса бастады. Тауда мал жайылып, ешкі, қой, ірі қара өсірілді. Мал шаруашылығы ауылдық жерлерде тұратын осетиндерді әлі күнге дейін шикізатпен, азық-түлікпен қамтамасыз етеді.
Шаруашылықта осетиндер ежелден қой терісін өңдеумен, мата өндірумен айналысты, әртүрлі ағаш бұйымдарын: ыдыс-аяқ, жиһаз жасады, тастан қашалу арқылы үй бұйымдарын жасады. Жүн өңдеу – осетиндердің ежелгі кәсіптерінің бірі.

Осетияның фольклоры алуан түрлі. Көптеген ертегілер, мақал-мәтелдер, нақыл сөздер, жырлар күні бүгінге дейін сақталған. Осетиндердің өмірін бейнелейтін жырлар, халықтың помещиктерге қарсы күресін жарқын бейнелейтін батырлар туралы тарихи жырлар ерекше орын алады. Кейіннен Осетиядағы азамат соғысының батырлары туралы, Ұлы Отан соғысына қатысқан осетиндер туралы, жаңа заманның қаһармандары туралы тарихи әндер шырқалды.
Дәстүрлі осетин костюмі бүгінде мерекелік рәсімдердің элементі ретінде, әсіресе үйлену тойларында қолданылады. Әйелдің ұлттық киімі келесі элементтерден тұрады: көйлек, корсет, жеңі ұзын жеңіл черкес көйлегі, конустық қалпақ, перде. Ер адамдар келесі элементтерден тұратын костюм киді: шалбар, черкес, бешмет, башлык, папаха, белдік, қанжар. Қыста осетиндер сырт киім ретінде қоңыр, қара немесе ақ, киізден тігілген бурка киген - жеңсіз плащ. Қыста бас киім ретінде папаха, ал жазда киіз қалпақ киеді. Бас киім ретінде әйелдер орамал мен түрлі бас киімдерді пайдаланған.

Осетин халқының асханасы аландардың көшпелі тұрмысының әсерінен қалыптасты. Асхананың негізі - қазанда пісірілген және ащы қаймақ соусымен дәмделген ет. Осетия Кавказда орналасқандықтан, кәуәп (шашлык) ұлттық тағамдарда маңызды орын алады. Осетияның ұлттық тағамдарының ең сүйікті сусындары - квас, сыра, брага, арака және ронг. Пирогтар - Осетиядағы үстеліндегі маңызды тағам. Пирогтар ашытқы қамырынан дайындалады, ең танымалы - осетин ет пирогы, кешкі дастарханда бұл негізгі тағам болып табылады және ол үстелде бөлек беріледі. Дөңгелек ірімшік пирогтары уалиба немесе хабизжин, үшбұрыш түрінде жасалған ірімшік пирогы - артадзыхон деп аталады.

Қазақстандағы осетиндер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Қазақстанның осетин диаспорасы санының жалпы динамикасы мынадай:

  • 1970 жылы - 3 491 адам;
  • 1979 жылы - 4 029 адам;
  • 1989 жылы - 4 209 адам;
  • 1999 жылы - 2 039 адам;
  • 2009 жылы - 1 326 адам.[3]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Э.Д. Сүлейменова, Д.Х. Ақанова, Н.Ж.Шаймерденова «Қазақстан тілдері: әлеуметтік лингвистика анықтамалығы»: Кітап. – Алматы: «Издательство Золотая Книга» ЖШС, 2020 ж. 167-169 бет.
  2. ЭТНОСАЯСИ СӨЗДІК: Қазақстан этносаясаты мен тәжірибесінің терминдері мен ұғымдары. Нұр-Сұлтан, 2020. 157-бет. ISBN 978-601-287-224-8
  3. Қазақстан халқы. Энциклопедия. /Бас.ред. Ж.Н.Тойбаева. /Құраст.Ғ.Жандыбаев., Г.Егеубаева.- Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2016. 354-355 бет ISBN 978-601-7472-88-7

Сыртқы сілтемелер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]