Органогенез
Органогенез (гр. organon – орган, мүше және ...генез) – эмбриогенезде мүшелердің түзілу үдерісі. Жануарлар мүшелері мен мүшелер жүйесінің пайда болу және даму сатысы. Органогенез гаструла сатысынан кейін басталады. Мүшелердің әрқайсысынан бұрынғы белгілі орында, бұрынғы белгілі жасушалар тобынан негізделіп, қалыптасады.Ол 2 кезеңге бөлінеді.1-ші кезең нейруляция. Бұл фазада нерв түтігі және хорда қалыптасады. 2-ші фазада ұрықтың қалған мүшелері пайда болып, олардың өздеріне тән пішіндері мен құрылысының өзара үйлесімділігі қалыптасады. Сонымен бірге оның дамуына тұқым қуалау ақпаратының негізі қаланған ДНҚ молекулалары ғана емес, оны қоршаған ұлпалар, жасушалар, олардың химиялық заттары әсер етеді.
Ғалымдар қазіргі кезде ұрық жапырақшасының қайсысынан қай мүшелер жүйесінің түзілетінін толық анықтады. Ұрық жапырақшаларының теориясын жете тексеруге орыс биологі A. О. Ковалевский (1840-1901) орасан зор үлес қосты және осы заманғы ұрық жапырақшалары теориясының заңды түрде негізін қалаушы деп есептеледі. Ең соңғы зерттеулерде теорияға аздаған толықтырулар енгізілді. Бұл ашылған жаңалықтың эволюциялық теорияны дәлелдеу кезінде орасан зор маңызы болғандығын атап көрсету жөн. Ұрықтық дерттенуді, зерттеулердің себебін айқындау кезінде эмбриологтар күні бүгін пайдалануда.
Сонымен ұрық жапырақшалары былай орналасады: сыртқы қабаты - эктодерма, ортаңғы қабаты - мезодерма, ал ең ішкі қабат - энтодерма. Ал олардың түзілуінде аздаған жүйелік өзгерістер бар. Ең алдымен сыртқы эктодерма және ішкі - энтодерма оңашаланады, ал бұдан соң олардың аралығынан мезодерма орнығады. Энтодерманы ішек қуысы астарлайды.
Ұрық жапырақшаларынан мүшелер мен жүйелердің түзілуі
Эктодерма | Мезодерма | Энтодерма |
---|---|---|
Жануарларда жабындары. Адамда және өзге сүт-қоректілерде терінің үстіңгі кабаты Тері туындылары: май және тер (сүт) бездері, шаш және тырнақ, жануарларда мүйіз және тұяқ Сезім мүшелері, жүйке жүйесі (ми және жұлын, т.б.) | Өзге жүйе мүшелері: бұлшықет, сүйектер, байламдар, сіңірлер Қантарату жүйесі: жүрек, тамырлар, қан.Несеп-жыныс жүйесі: бүйрек, несепағарлар, қуық және жыныс мүшелері | Барлық асқорыту мүшелері: қарын, ішек, өңеш, т. б. Барлық бездер (тері безінен өзгесі), асқорыту бездері де: бауыр, ұйқыбез, калқанша без, гипофиз бөлігі, бүйрекүсті безі және т. б. Тынысалу жүйесі: өкпе, кеңірдек, ауатамыр және т. б. |
Бұл бір қарағанда ешқандай маңызсыз сөздер тізбегі тәрізді болып көрінеді. Әрине жүйке жүйесінің сүт бездері және эктодермадағы терімен бірге берілуі мүмкін емес тәрізді. Тынысалу жүйесінің энтодермадағы асқорытумен бүйректің сүйектермен және мезодермадағы жүрекпен бірге берілуі де түсініксіз. Алайда өкінудін, және осылардың барлығын сөзбесөз жаттап алуға талпынудың қажеті жоқ. Ұрық жапырақшаларының теориясында қарапайым эволюциялық қисын көрсетілген. Тірі ағзалардың тарихи қалыптасуы қалай болғанын түсініп, еске түсірсе ғана болғаны, сонда барлығы бірден өз орнына келеді.
Эмбриогенез факторлары
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Ұрықтың дамуына сыртқы да, ішкі де көптеген факторлар әсер етеді. Радиация, иондағыш сәулелену, уландырғыш заттардың әсері өте қауіпті. Алкоголь, никотин, кептеген дәрі-дәрмектер қабылдаудан адам мен жануарларда туа пайда болатын дерттерді дамытуы мүмкін. Бұдан басқа дамып келе жатқан ұрық бөлігі өзара химиялык әсерлесіп, біріне-бірі өзара ықпал ететіні дәлелденді. Қосмекенділердің бөлшектену кезіндегі жұмыртқажасушаларына өте көп сынақтәжірибелер жасалды. Өйткені бұл жануарлардың уылдырықтары аналық ағзасынан тысқары дамиды және әкқабығы (скорлупа) жоқ. Бөлшектенуге сперматозоид және ұрықтану болмаса да жағдай жасауға болады. Ол үшін жұмыртқа жасушасын жіңішке инемен тесуге немесе химиялық әрекет жасаса, жеткілікті. Екі бластомерден тұратын ерте бластула сатысындағы бластомерлерді белуге болады. Олардан толық жарамды ағзалар жарып шығады. Алайда бластомердің біреуін өлтірсе, бірақ екіншісінен бөліп алмаса, онда тұтастай тірі қалған бластомерден тіршілік ете алмайтын итшабактың жарты денесі ғана пайда болады. Осы және көптеген басқа сынақтәжірибелер ғалымдардың ұрықтық даму заңдылығын анықтап, адамға арналған екіқабаттық гигиенасының негізіне жататын кағида жасауға мүмкіндік берді. [1]
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Биология: Жалпы білім беретін мектептің, 9-сыныбына арналған оқулық, 2-басылымы, өңделген/ М. Гильманов, А. Соловьева, Л. Әбшенова. - Алматы: Атамұра, 2009. ISBN 9965-34-927-4
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл — биология бойынша мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. |