Мазмұнға өту

Орақ Қуанғалиұлы Сарбөпеев

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Орақ Қуанғалиұлы Сарбөпеев
Орақ Қуанғалиұлы Сарбөпеев
Лауазымы
Ту
Ту
Жаңаөзен қаласының əкімі
20 желтоқсан 2009 — ақпан 2012
Президент Нұрсұлтан Назарбаев
Ізашары Жалғас Бисалыұлы Бабаханов
Ізбасары Серікбай Өтелгенұлы Тұрымов
Өмірбаяны
Партиясы «Нұр Отан» ХДП
Білімі Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті
Ш. Есенов атындағы Ақтау мемлекеттік университеті
Мамандығы тау-кен инженері
экономист
Дүниеге келуі 3 желтоқсан 1971 (1971-12-03) (52 жас)
Шетпе, Қазақ КСР, КСРО

Орақ Қуанғалиұлы Сарбөпеев (1971 жылдың 3 желтоқсанында туған, Шетпе қаласы) – қоғам қайраткері, бұрынғы Жаңаөзен қаласының əкімі.

  • 1994 жылдан - «Өзен- мұнайгаз» ӨБ №1 МГӨБ мұнай және газ өндіру операторы, ұңғымаларды күрделі және жер асты жөндеу жөніндегі шебері (Жаңаөзен қаласы).
  • 1996 жылдан - «Өзенмұнайгаз» ААҚ №1 МГӨБ №2 мұнай және газ өндіру цехының жетекші инженер-технологы, мұнай кәсіпшілігі учаскесінің бастығы, №5 мұнай және газ өндіру цехының бастығы, «Өзенмұнайгаз» ААҚ жөтекші инженері (Жаңаөзен қаласы).
  • 1999 жылдан - «Өзенмұнайгаз» ААҚ Мұнай дайындау және өндірістік қызмет көрсету басқармасының орталық мұнай дайындау пунктінің бастығы (Жаңаөзен қаласы).
  • 2000 жылдан - «Өзенмұнайгаз» ААҚ Өзен мұнай кен орнының басқару және Дүниежүзілік банк оңалту жобасын жүзеге асыру тобының бас техникалық менеджері.
  • 2002 жылдан - «Өзенмұнайгаз» ААҚ сынақтық-тәжірибелік өндірістік басқармасының бас техникалық менеджері.
  • 2004 жылдан - «ҚазМұнайГаз» БӨ» АҚ «Өзенмұнайгаз» өндірістік филиалы сынақтық-тәжірибелік өндірістік басқармасының бастығы.
  • 2007 жылдан - «ҚазМұнайГаз» БӨ» АҚ «Ембімұнайгаз» ӨФ «Қайнармұнайгаз» Мұнай өндіру басқармасының бастығы (Атырау қаласы).
  • 2008 жылдан - «ҚазМұнайГаз» БӨ» АҚ «Ембімұнайгаз» ӨФ «Жайықмұнайгаз» МГӨБ бастығы (Атырау қаласы).
  • 2009 жылдан - Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласының әкімі.

2012 жылдың 25 мамырында Сарбөпеевқа қарсы сот басталып, прокурор оны "қаржы жымқырды" деп айыптап Сарбөпеевті 13 жылға соттауды, дүние-мүлкін тәркілеп, мемлекеттік қызмет істеуіне шектеу қоюды өтінді.

Маусымның 22-сінде Ақтау қаласында алқа билер соты шешімінің негізінде Орақ Сарбөпеевті «қызметін асыра пайдаланды және пара алды» деген айып бойынша кінәсіз деп танып, сот залынан бостандыққа шығарылды.

Алайда арада бір жарым ай өткен соң, тамыздың 2-сі күні алдыңғы соттың шешімі бұзылып, Сарбөпеевтің үстінен қайтадан іс қозғалды.

Екінші сотта Ақтауда жүріп, бірақ соңына жетпей тоқтап қалды. Прокурорлар «кейбір алқа би мүшелерінің әрекеті күмәнді көрінгендіктен» істі қайта тергеуге жіберуді сұраған.

2012 жылы қыркүйектің 19-ы күні Ақтөбе қаласында Жаңаөзеннің бұрынғы әкімі Орақ Сарбөпеевтің соты алқа билердің жаңа құрамымен қайта басталған. Бұл кезде ол қылмыстық кодекстің 24-бабы ("қылмыс жасауға дайындалу") бойынша айыпты деп тауылып, 10 жылға бас бостандығынан айырылды[1].

Қоғамдық қызметі

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Жеке өмірі

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  • Қазақ және орыс тілдерін біледі.
  • Әскери атағы - аға лейтенант.
  • Хоббиі - спорт (жүгіру, бокс).
  • Сүйіп оқитын әдебиеті - А.С. Пушкин, Ф.М. Достоевский, А.П. Чехов, С. Есенин, А. Құнанбаев, М. Әуезов, I. Есенберлин.
  • Саяси қайраткер ретіндегі идеалы - Н.Ә. Назарбаев, Ш. де Голль.
  • Үйленген. Жұбайы - Ағисова Гүлсара Түрменбайқызы (1976 жылы туған). Қыздары - Сарбөпеева Жұлдыз Ораққызы (1998 жылы туған), Сарбөпеева Мөлдір Ораққызы (2001 жылы туған), Сарбөпеева Арайлым Ораққызы (2005 жылы туған); ұлы - Қуанғали Тілеп Орақұлы (2007 жылы туған).[2]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Жаңаөзеннің бұрынғы әкімі Сарбөпеев сотталды
  2. Қазақстан Республикасында кімнің кім екені . Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 жыл. ISBN 978-601-278-473-2