Мазмұнға өту

Оптикалық сәуле

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Призманың дисперсиялық иллюстрациясы

Оптикалық сәуле (кең мағынада сәуле деген ұғымды білдіреді) – толқын ұзындығы нанометрдің(нм) үлесінен милиметрдің(мм) ондық үлесіне дейінгі диапазонды жиілік диапазоны 3*1011Гц3*1017Гц қамтитын электрмагниттік толқындар. Оптикалық сәулеге адам көзі қабылдай алатын көрінетін сәулелерден басқа инфрақызыл сәуле мен ультракүлгін сәуле де жатады. Вакуумдағы оптикалық сәулелердің таралу жылдамдығы (жарық жылдамдығы) 3*1010см/с. Оптикалық сәулелер атомдар мен молекулалардың шығару негіздеріне (жылулық сәуле шығару, люминесценция), спектрлік құрамының біртектілік дәрежесіне (монохроматтылық, беймонохроматтылық), сәуле шығару ағынының шашырауына (бағытталған, диффузиялық, аралас), т.б. белгілері бойынша классификацияға жіктеледі. [1][2]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, VII том
  2. Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Экология және табиғат қорғау / Жалпы редакциясын басқарған – түсіндірме сөздіктер топтамасын шығару жөніндегі ғылыми-баспа бағдарламасының ғылыми жетекшісі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты А.Қ.Құсайынов. – Алматы: «Мектеп» баспасы» ЖАҚ, 2002 жыл. – 456 бет. ISBN 5-7667-8284-5