Мазмұнға өту

Операнд

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Операнд (лат. operandum, operor – жұмыс істеймін, әрекет етемін) – компьютер командасында немесе бағдарламасында кез келген операцияға (іс-әрекетке) қатынасатын мәліметтер элементі. Олар арифметикалық немесе басқа операциялар таңбаларымен біріктіріледі. Компьютер кез келген амалды – операцияны Операнд түріндегі екі сан арасында жүргізеді, мысалы, алу операциясына азайғыш және азайтқыш түріндегі екі Операнд қатынасады. Компьютердің машиналық командасында Операндтар нақты түрде немесе олардың адрестерін беру арқылы көрсетіледі. Бағдарламалау тілдерінде Операндтар арифметикалық, логикалық өрнектердегі тұрақтылар, айнымалылар, функциялар, т.б. түрінде беріледі. Мысалы, х-3,1415cos(а) арифметикалық өрнегінде Операндтар болып х, 3,1415 сандары және cos(а) функциясы саналады.[1]

Сілтемелер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Қазақ энциклопедиясы, 7 том