Ойраш
Ойраш | ||||||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
Ғылыми топтастыруы | ||||||||||||||||||
| ||||||||||||||||||
Екі-есімді атауы | ||||||||||||||||||
Ostrowskia magnifica Regel |
Ойраш (лат. Ostrowskia) – қоңыраугүлдер тұқымдасына жататын көп жылдық өсімдік.[1]
Қазақстанда Өгем жотасының (Батыс Тянь-Шаньда) оңтүстік-батысындағы орташа биіктіктегі тау белдеулері мен жартастардың қорымдарында өсетін 1 түрі – көрікті ойраш ( magnіfіca) бар. Биіктігі 1 метрдей. Сабағы мықты, сырты тегіс, іші қуыс болады. Шоқтанып орналасатын жапырақтарының пішіні жұмыртқа тәрізді, жиектері ара тісті ойықталып келген. Тостағанша гүлжапырақшалары жіңішке қандауыр тәрізді, күлтесі ашық көгілдір, сирек ақ түсті. Тұқымынан көбейеді. Маусым – шілде айларында гүлдеп, тамыз – қыркүйекте жеміс салады. Жемісі – көп тұқымды қауашақ. ‘’Көрікті ойраш’’ сәндік үшін өсіріледі, Орта Азияның өте сирек кездесетін реликт өсімдігі. Қорғауға алынып, Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген.
Ішкі сілтемелер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Сыртқы сілтемелер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Қазақ энциклопедиясы 7- том, Красная книга Казахстана, А.-А., 1981.Д. Айдарбаева
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл мақалада еш сурет жоқ.
Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |