Ода Нобунага
Ода Нобунага 織田信長 | |
| |
Өмірбаяны | |
---|---|
Дүниеге келуі | 23 маусым 1534 Үлгі:Туған жері |
Қайтыс болуы | 21 маусым 1582 (47 жас) Үлгі:Қайтыс болған жері |
Әкесі | Ода Нобухидэ |
Анасы | Дота Годзэн (Үлгі:Lang-ja2) |
Жұбайы | Но Химэ (Үлгі:Lang-ja2) |
өңдеу |
Ода Нобунага (23 маусым 1534 — 21 маусым 1582) - Сэнгоку дәуіріндгі Японияның әскери саяси көшбасшысы, бар ғұмырын мемлекетті біріктіруге арнаған, Жапон тарихындағы аса танымал самурайлардың бірі.
Өмірбаяны
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Ода Нобунага 1534 жылы Овари ауданының кішігірім әскери басшысының отбасында дүниеге келген. Әкесінің қазасынан кейін өз туыстарына қарсы соғыс ашып, Ода тегінің билігін қолына алып жеңіске жетті. Овари тегін біріктіргеннен кейін Нобунага Имагава тегін жеңді. Сайто тегінің жерін де жаулап алды. Асикага Есиаки атты сегунның қолдауына қол жеткізіп, Жапон елінің aстанасы болып табылатын Киота қаласына қол жеткізді. Өмірінің соңына дейін Жапон елін біріктіруге тырысқан. Ол Жапон елінің көптеген орталық жерлерін басып алып революциялық реформалар өткізді. Бірақ ол өз мақсатына толығымен жете алған жоқ.
Нобунага тек өзіне ғана сенген, саяси және діни билікпен еш санаспаған. Ол әскери саясатта да, экономикалық саясатта да бір жүйені ұстана білген өз жұмыскерлерінің таптарына көңіл аудармаған.
Ода Нобуага 1534 жылы Ода Нобухидэ атты адамның отбасында дүниеге келген. Өз әкесінің үшінші ұлы болған, оны барлығы мұрагер деп есептеген. Сондықтан Нагоя сарайының басшысы ретінде сайланған. Ол балалық шағында өзін елден оғаш ұстаған, сондықтан халық арасында ол жайлы жағымсыз сөздер жүрген.
1546 жылы Фуруватари сарайында ер жету рәсімін өткен, осы кезде Ода Сабуро Кадзусаносукэ Нобунага деген есімін алған. Екі жылдан кейін Сайто Досан атты адамның қызына үйленген.
Овари ауданы үшін шайқасы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Тектң басшылығы үшін Хаяси Митикацу және Сибата Кацуиэ басқаратын көптеген ақасақалдар оның Ода Нобуюки атты інісінің жағына ауып кетеді. Бір жағынан қарағанда, ішінде Мори Есинари Сасса Нармаса және Кавадзири Хидэтака секілді бірқатар беделді самурайлардың тобы Нобунага жағын жақтады.
1556 жылы екі топтың арасында ашық шайқас басталды. Осы жылы оның қайың атасы және одақтасы Сайто Досан қайтыс болды. Дәл осы кезде Нобуюки және оның жақтастары қолайлы деп санап, Нобунага күштеріне қарсы шығады. Бірақ Ино жанындағы шайқаста оның жаулары жеңіліс табады. Нобунага олардың көздерін жойғысы келеді, бірақ анасының өтінішімен олай жасамайды. Келесі жылы Нобуюки тағы бір рет әскерді аттандыруға тырысады, бірақ оның тағдырын Сибата Кацуиэ атты қолбасшы шешеді. Сибата Нобунага ие болған әскери шеберлікті біліп, Ода тегінің заңды басшысына Нобуюки жоспарларын жеткізеді. Нобунага інісін билік орталығына шақырып, сол жерде өлтіреді. Соңғы қарсыласын жойып, ол өзің басшы ретінде бекітеді және Овари ауданын біріктіреді.
Қазасы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]1582 жылы Хонно- дзи ғибадатханасында Акэти Мицухидэ атты қолбасшының қолынан қаза тапқан.
Әдебиет
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- 太田 牛一『信長公記』 桑田 忠親校注 新人物往来社; 新訂版 1997 ASIN 4404024932 ISBN 4-404-02493-2
- 『織田信長のすべて』 新人物往来社; 1980 ISBN 4-404-01040-0
- Рубель В. А. Японська цивілізація: традиційне суспільство і державність. — Київ: «Аквілон-Прес», 1997. — 256 с.
- Эйдзи Ёсикава Честь самурая. — М.: Центрполиграф, 2000. — 976 с. — ISBN 5227008418.