Овердрафт
Овердрафт (ағылш. overdraft – жоспардан тыс) – төлем шамасы тапсырыскер шотындағы қаражаттың қалдығынан асып түскен жағдайда банктердің қысқа мерзімді несие беруінің негізгі нысаны. Бұл ретте банк тапсырыскердің шотынан қаражатты талап етілген төлем мөлшерінде есептен шығарады‚ яғни тапсырыскерге қаражаттың қалдығынан асып түсетін сомаға (төлем сомасы мен тапсырыскердің шотындағы қаражат сомасының арасындағы айырмаға) өзінен-өзі несие береді. Овердрафт нәтижесінде банкте дебеттік сальдо пайда болады. Овердрафт тапсырыскердің шотына түскен барлық соманы акцептісіз тәртіппен бағыттау арқылы өтеледі‚ оның кәдуілгі несиеден өзгешелігі осынысында. Әдетте‚ овердрафтты пайдалану құқығы оның талаптарын белгілейтін шарт бойынша неғұрлым сенімді тапсырыскерге беріледі.[1]
Сілтемелер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Қазақ Энциклопедиясы, 7 том, 4 бөлім
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл мақалада еш сурет жоқ.
Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |