Нұркен Нұрғалиұлы Әшіров
Нұркен Нұрғалиұлы Әшіров | |
Туған күні | |
---|---|
Туған жері |
Ащыбұлақ (Пионер) ауылы, Жамбыл ауданы, Жамбыл облысы |
Мемлекет | |
Мамандықтары | |
Ұжымдары |
Н.Тілендиев атындағы АФЭО (2003-2010); А.Жұбанов атындағы РҚМММИ (2009-2018), Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясы (2011-2018); Құрманғазы атынадғы Қазақ ұлттық консерваториясы (2018-2019); |
Марапаттары |
Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (2012); Тұңғыш Президент - Елбасы Қоры сыйлығы лаураеты (2012); Мемлекеттік стипендия иегері (2009, 2010, 2011, 2012, 2013); "Қазақстан халықтары ассамблеясына 25 жыл" мерекелік медалі (2020); "Халық алғысы" медалі иегері (2020); |
Нұркен Нұрғалиұлы Әшіров (20 қаңтар, 1985 жыл, Пионер ауылы, Жамбыл ауданы, Жамбыл облысы) — күйші, дирижер, көптеген ән-күй, оркестрге арналған шығармалардың авторы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Тұңғыш Президент - Елбасы Қоры сыйлығының лауреаты, Мемлекеттік стипендия иегері, Ахмет Жұбанов атындағы дарынды балаларға арналған мектеп-интернатының директоры.
Өмірбаяны
[өңдеу | қайнарын өңдеу]1997 жылы Алматы қаласындағы А.Жұбанов атындағы РҚМММИ-на қабылданып, ол жерді ұстаз Г.Ұлтарақова сыныбынан 2002 жылы үздік тәмәмдаған. Осы жылы Құрманғазы атындағы ҚҰК профессор А.Тоқтағанның сыныбына қабылданып, 2006 жылы үздік бітірген. 2011-2013 жылдары аталған оқу орнының магистратурасын «Опера-симфония дирижеры» мамандығы бойынша ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, доцент Н.Жарасов сыныбынан аяқтаған.
Білімі
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- 1991 жылы Еңбек ауылындағы бастауыш мектептің бірінші сыныбына барған.
- 1992-1997 жылдары Тараз қаласындағы А.Суханбаев атындағы №25 орта мектебінде оқыған.
- 1997-2002 жылдары Ахмет Жұбанов атындағы дарынды балаларға арналған мектеп-интернатында домбыра сыныбында оқыған.
- 2002-2012 жылдары Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының бакалавриаты мен магистратурасында оқыған.
Қызмет жолы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Еңбек жолын 2003 жылы Н.Тілендиев атындағы «Отырар сазы» АФЭО әртісі қызметінен бастаған. 2004-2010 жылдары осы оркестрдің Бас концертмейстері және солисті қызметін атқарған. 2011 жылы Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясының солисті қызметін атқарған. Сонымен қатар, А.Жұбанов атындағы дарынды балаларға арналған РҚМММИ-ның Халық аспаптар бөлімінің ұстазы (2009-2012), меңгерушісі (2012-2018) қызметтерін атқарған. 2018-2019 жылдар аралығында Құрманғазы атындағы ҚҰК Халық музыкасы факультетінің деканы қызметін атқарған. 2019 жылдан қазіргі уақытқа дейін Ахмет Жұбанов атындағы дарынды балаларға арналған республикалық қазақ мамандандырылған музыка мектеп-интернатының директоры қызметін атқаруда.
2001 жылдан бері мемлекеттік деңгейде ұйымдастырылып келе жатқан барлық дерлік ресми шаралар мен концерттердің тұрақты қатысушысы. (Тәуелсіздігіміздің 10, 15, 20 жылдығына орай ұйымдастырлыған Гала-концерттер, ҚР Конституциясының 10 және 15 жылдығы, Астана күндері, ШЫҰ 10 жылдығы, Қазақстанның ЕҚЫҰ-на (ОБСЕ) төрағалық етуге арналған салтанатты Гала-концерт (Вена, Астана), т.б. айтулы мерекелік салтанатты концерттердің барлығында жеке домбырамен өнер көрсеткен.
Нұркен Нұрғалиұлы Қазақстанның шетелдегі мәдениет күндері аясында, сондай-ақ ҚР Президенті Н.Назарбаевтың ресми іс-сапарлары барысына орай ұйымдастырылған Гала-концерттерде Карнегги-Холл (Нью-Йорк), Кеннеди центр (Вашингтон), Концертхаус, Хофбург император сарайы (Вена), Конгресс-Холл, Әлем мәдениеті үйі (Берлин), Сантори-Холл, Персимон-Холл (Токио), Опера-Хаус (Пекин) сияқты т.б. әлемнің көптеген атақты сахналарында жеке домбырамен қазақтың күй өнерін паш еткен дарабоз, саңлақ күйші. Ол АҚШ, Германия, Франция, Австрия, Швейцария, Словения, Жапония, Қытай, Түркия, Әзірбайжан, БАӘ, Сауд-Арабиясы, Йордания, Ресей, Украина, Беларусь, Өзбекстан, Қырғызстан, Италия, Испания, Румыния елдерінде табыспен өнер көрсетіп, көрерменнің зор қошеметіне ие болған.
Нұркен Нұрғалиұлы 2000 жылдан бері Астана, Алматы, Атырау, Тараз қалаларында бірнеше жеке шығармашылық концерттерін өткізген.
2014 жылы Вена қаласында жеке концертін өткізген. Сондай-ақ 2015 жылы Парижде, Венада және Словения астанасы Любляна қаласында өзі құрған «Талас» фольк-поп ансамблімен концерттерін өткізген.
2014 жылы Париж қаласында ЮНЕСКО-ның штаб пәтерінде өткен конференцияда «Әлемнің материалдық емес мәдени мұралары» тізіміне қазақтың күй мұрасын енгізуге атсалысты.
Сонымен қатар Нұркен 30-ға жуық күйлердің, бірнеше аспаптық пьесалардың, күй-поэмалардың авторы. Оның оркестрге жазған «Кемел», «Жырқисса», «Балдырған», «Абылай», «Аңырақай шайқасы», «Шұғыла», т.б. туындылары тыңдарман қауымның зор қошеметіне бөленіп, мамандардың оң бағасына ие болуда.
Марапаттары
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Ол көптеген конкурстар мен фестивальдердің лауреаты. Негізгілері:
- І Халықаралық «Айналайын» фестивалі. Лауреат. Алматы қ. 1996 ж.
- І Халықаралық «Құрманғазы және Ұлы дала музыкасы» фестивалі лауреаты. 1998 ж.
- А.Жұбанов атындағы конкурс. І орын лауреаты. Алматы қ. 1999 ж.
- ХХІ Колледждер мен арнайы музыка мектептері арасындағы Республикалық конкурс. Гран-При. Лауреат. Алматы қ.2000 ж.
- Тәттімбет ат. І Республикалық конкурс. ІІІ орын. Лауреат. Қарағанды қ. 2001 ж.
- ІV «Шабыт» Халықаралық фестивалі. ІІІ орын Лауреат. Астана қ. 2001 ж.
- Қ. Жантілеуов ат. І Республикалық конкурсы. І орын. Лауреат. Орал қ. 2002 ж.
- VІ «Шабыт» Халықаралық фестивалі. ІІ орын. Лауреат. Астана қ. 2003 ж.
- Құрманғазы ат. VI Халықаралық конкурсы. І орын. Лауреат. Астана қ. 2006 ж.
- Н. Тілендиев ат. «Кел, еркем, Алатауыңа» ІІ Халықаралық конкурс-фестивалі. Гран-При. Лауреат. Тараз. 2009ж.
- ҚР МСМ және БҒМ алғыс хаттары мен Астана (қазіргі Нұрсұлтан), Алматы, Атырау қалалары әкімдерінің, Нью-Йорк мэрі, Вена қалалық мәдениет магистраты, Сауд-Арабиясы Мәдениет министрінің Алғыс хаттарымен марапатталған.
- ҚР Тұңғыш Президенті Н.Назарбаевтың жарлығымен Нұркен Нұрғалиұлы төмендегідей марапаттарға ие болды:
- ҚР Мемлекеттік стипендиясының иегері (2009, 2010, 2011, 2012, 2013 ж.ж.);
- Тұңғыш Президент – Елбасы Қоры сыйлығының лауреаты (2012)
- Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (2012 ж.) құрметті атағы.
Елдегі қоғамдық келісімнің нығаюына, Қазақстан халқы бірлігін қамтамасыз етуге, Қазақстан халқы Ассамблеясының рөлінің артуына, Қазақстанның бейбітшілік пен келісім тәжірибесін шет елдерде таратуға және Қазақстан мен өзге мемлекеттер халықтары арасындағы достық қатынастарды дамытуға елеулі үлес қосқаны үшін «Қазақстан халқы Ассамблеясына 25 жыл» мерекелік медалімен наградталды.
Тараз қаласындағы өнер жұлдыздарына арналған Әуендер аллеясы 2019 жылы Нұркен Нұрғалиұлының есімімен толықты.