Нефрология

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту

Нефрология - (nephrology)(көне грекше: νεφρός — «бүйрек», и λόγος — «оқу»), медицина саласы, бүйрек аурулары мен қызметін зерттейді. Бүйрек физиологиясын түсіну бүйрек ауруларын емдеуде ғана емес, дәрінің, диетаның, бүйрек аурулары гипертониясының және керісінше әсерлерін білу үшін өте қажет.17ғ. алғаш бүйректі Лоренцо Беллини (1643-1704) және М.Мальтиги зерттеген; К.Людвиг (1844) оның нағыз физиологиялық қызметін қарастырды. Нефрологияның дамуында (1960) күнделікті артерио-веналық шунттардың ашылуы ерекше маңызды, онда көп гемодиализ бүйрек созылмалы ауруымен ауыратындардың 90% ажалдан арашалайды. Қараңыз: гемодиализ; бүйрек жетімсіздігі; бүйрек тас ауруы; бүйрек ауыстыру; нефрон.

Сілтемелер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]