Мазмұнға өту

Негіздік жарғақ

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
A.
Негіздік жарғақ.

Негіздік жарғақ (базальная мембрана); (membrana basalis, лат. membrana — жарғақша, basalis - негіздік) — эпителий ұлпасының эпителиоциттері мен олардың астындағы борпылдақ дәнекер ұлпасы шекарасында орналасқан гистологиялық құрылым. Бір қабатты эпителий ұлпасының барлық эпителиоциттері толығымен негіздік жарғақпен жанасып жатады. Ал көпқабатты эпителий ұлпаларында негіздік жарғақпен эпителийдің тек ең төменгі негіздік қабатындағы эпителиоциттері ғана жанасады. Эпителий ұлпасын қоректендіретін қан тамырлары болмағандықтан, оған керекті қоректік заттар талшықты борпылдақ дәнекер ұлпасындағы қан тамырларынан пайда болған ұлпа сұйығымен негіздік жарғақ арқылы келеді. Ұлпа сұйығы қалыңдығы 1 мкм - дей негіздік жарғақпен диффузды жолымен сүзіліп өтеді. Негіздік жарғақтың құрамына көмірсулар және белоктар мен липидтер кіреді. Эпителиоциттер - негіздік жарғақпен жартылай десмосома арқылы байланысады.[1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Биоморфология терминдерінің түсіндірме сөздігі / — Алматы: «Сөздік-Словарь», 2009 жыл. ISBN 9965-822-54-9