Мазмұнға өту

Натрий гипохлориті

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Натрий гипохлориті

Натрий гипохлориті — NaOCl, бейорганикалық қосылыс, хлорлылау қышқылдың натрий тұзы

Бос күйде қосылыс өте тұрақсыз, әдетте  NaOCl · 5H2O пентагидрат  немесе су ерітіндісі түрінде қолданылады. 

Күшті тотықтырғыш, құрамында 95,2% белсенді хлор бар. Натрий гипохлориті (НГПХ) бүгінгі күні залалсыздандыру реагенттерінің ең жақсысы және қауіпсізі болып табылады. Гипохлорит-ион күшті антибактериялық әсерге ие. Бұл құрал микроағзаларды өте жылдам өлтіреді және өте аз мөлшері жеткілікті, себебі НГПХ ыдырауы бірқатар белсенді бөлшектердің (радикалдардың), атап айтқанда синглетті оттегінің пайда болуымен бірге болады, ол жоғары биоцидтік әсерге ие. НГПХ ыдырауы кезінде пайда болатын бөлшектер (радикалдар) микроағзаларды қоршап тұратын биоүлдірді бұза отырып олардың жойылуына себепші болады. Натрий гипохлориті ерітіндісінің бірнеше түрлері бар: өнеркәсіптік әдіспен алынған НГПХ концентрацияланған ерітіндісі (белсенді хлор бойынша 120-190 г/л) және тұтыну орнында ас тұзы ерітіндісінің электролизімен алынған НГПХ ерітіндісі (0,6-0,9 %).

Артықшылықтары

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  • хлорлау процесін жүргізудің қарапайымдылығы мен қауіпсіздігі
  • судағы хлордың қалдық мөлшері (0,3-0,5 мг/л) ұзақ уақыт бактерицидтік әсерді қамтамасыз етедітотықтыру-залалсыздандыру, жұқпасыздандыру әсерлерінің тиімділігі бойынша натрий гипохлоритінің ерітіндісі хлордың әсерімен бірдей, ал қауіпсіздік талаптары бойынша едәуір төмен.
  • микроағзаларға бактерицидтік әсер етудің жоғары тиімділігі
  • экологиялық қауіпсіздік
  • тотықтыру-залалсыздандыру, жұқпасыздандыру әсерлерінің тиімділігі бойынша натрий гипохлоритінің ерітіндісі хлордың әсерімен бірдей, ал қауіпсіздік талаптары бойынша едәуір төмен.