Мәліметтер
Мәліметтер (данные; data) — автоматты құралдардың көмегімен, кей жағдайда адамның қатысуымен, өңдеуге I ыңғайлы түрде берілген мағлұмат. Мәліметтердің кірістік, шығыстық, басқару, проблемалық, сандық, мәтіндік, графикалық және т.б. түрлерін атап өтуге болады. Арифметикалық (сандық) мәліметтер (арифметические (числовые) данные; arithmetic data) — арифметикалық амалдар орындауға болатын мәліметтер, яғни сандар. Әріптік мәліметтер (Буквенные данные; alphadetic data) — алфавит әріптері мен бос орындардан тұратын мәліметтер. Басқару мәліметтері (Управляющие данные; (управляющая информация) control information) — құрылғының, программаның, жүйенің қандай да бір басқару функцияларын орындауға қажетті мәліметтер. Графикалық мәліметтер (Графические данные; graphic data) — 1) графикалық бейне түріндегі (сурет, схема) мәліметтер; 2) графикалық объектілерді бейнелеуге жеткілікті болатын олардың машиналық өрнегі. Дискрет (цифрлық) мәліметтер (Дискретные (цифровые) данные; digital data) — цифрлық кодпен өрнектелген мәліметтер. Екілік мәліметтер (Двоичные данные; binary data) — екілік кодпен өрнектелген мәліметтер; мәндері екілік санау жүйесіндегі сандар болып келетін мәліметтер. Жабық (қорғалган) мәліметтер (Закрытые (защищенные) данные; restricted data) — кейбір өзгертулердің ғана пайдалану мүмкіндігі бар мәліметтер. Әдетте, қорғау пароль жүйесі арқылы іске асырылады. Кірістік мәліметтер (Входные данные; input data) — өңдеу немесе сақтау үшін жүйеге енгізілетін мәліметтер. Ондық мәліметтер (Десятичные данные; decimal data) — ондық санау жүйесінде өрнектелген мәліметтер. Реттелген мәліметтер (Упорядоченные (отсортированные, ранжированные) данные; ranked data) — берілген реттік қатынаспен орналастырылган мәліметтер (<- өспелі, >-кемімелі, <=кемімейтін, >= -өспейтін). Шифрланған мәліметтер (Зашифрованные данные; cipher data) — компьютердің жадында шифрланған түрде сақталатын мәліметтер (яғни криптографиялық қорғау тәсілі қолданылған мәліметтер). Шығыстық мәліметтер (Выходные данные; output data) — мәліметтерді шығару құрылғыларына компьютерден түсетін мәліметтер; программаның орындалу нәтижелері.
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Информатика және компьютерлік техника / Жалпы редакциясын басқарған – түсіндірме сөздіктер топтамасын шығару жөніндегі ғылыми-баспа бағдарламасының ғылыми жетекшісі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты А. Қ. Құсайынов. – Алматы: «Мектеп» баспасы» ЖАҚ, 2002 жыл. – 456 бет. ISBN 5-7667-8284-5
Бұл мақалада еш сурет жоқ.
Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|