Мәдина Есмалайқызы Ерәлиева
Мәдина Есмалайқызы Ералиева (2 тамыз 1954, Қызылорда облысы Қазалы ауданы — 27 қараша 2000, Қызылорда облысының Майлыбас қиылысы маңындағы Арал-Ташкент тас жолында жол апатынан қайтыс болды) — кеңестік және қазақ эстрадасының халық әншісі, мұғалім. Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген әртісі (1990), Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген әртісі (1991).
Өмірбаяны
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- Әлімұлы тайпасының Төртқара руынан[1].
- 1974 жылы Қызылорда қаласындағы "Мәншүк Мәметова атындағы педагогикалық училищесінің" музыка бөлімін бітірген.
- 1978 жылы Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық институтының музыка факультетін бітірген.
- 1978 — 1984 ж.Әдебиет және өнер институтында қызмет істеді.
- 1985 жылдан өмірінің соңына дейін Алматы облысы филармониясының жетекші әншісі болды. Нәзік те сыршыл үн, өзіндік мәнерімен халықтың сүйікті әншісіне айналды. Оның орындауындағы “Ай-қарагөз”, “Ақбаян”, “Жылқы ішінде ала жүр”, т.б. көптеген халық әндері мен “Кіресің жиі түсіме” (Қ.Құрманәлиев), “Сағым жылдар” (Б.Байкенжеев, М.Дәукенова) сияқты қазіргі қазақ композиторларының әндері Ералиеваның өзіне ғана тән әншілік мәнерімен, өзіндік орындау ерекшелігімен, нақыш-бояуымен халық жадында қалды. Ералиева халқымыздың ұлттық ән өнерін насихаттауға елеулі үлес қосты.[2]
Жанұясы:
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- Әкесі - Ерәлі Есмалай. Тарих пәнінің оқытушысы болып, біраз жылдар ұстаздық еткен.
- Анасы - Ыбырайқызы Дариға, 1932 жылы дүниеге келген. Тігіншілік өнерімен айналысқан кісі.
- Мәдина 8 сыныпта оқып жүрген сәтінде, анасы өкпе ауруынан көз жұмған болатын.
- Жалғыз сіңілісі - Ералиева Сағира (1962 ж.)
- 1981 жылы режиссер - Атабаев Болатпен отау құрып, 1982 жылы өмірге Әрсен атты тұңғыш, әрі жалғыз баланы әкелген.
Марапаттары:
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- Дүниежүзілік жастар мен студенттер фестивалінің лауреаты.
- Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген әртісі.
- Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген әртісі.
Еске алу кеші:
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- 2014 жылы 27 мамырда Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының Үлкен залында эстрада әншісі, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Мәдина Ералиеваның 60 жылдығына арналған еске алу кеші өтеді. Бұл туралы Ұлттық кітапхананың баспасөз қызметі хабарлады.[3]
«2014 жылғы 27 мамырда сағат 15.00-де Үлкен залда эстрада әншісі, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Мәдина Ералиеваның 60 жылдығына арналған еске алу кеші өтеді. Іс-шара Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының Көркемөнер бөлімінің жанынан құрылған «Інжу-маржан» клубының аясында өткізілуде. Іс-шара аясында Мәдина Ералиеваның өмірі мен шығармашылығы туралы «Қазақтық Агаяны» кітап-иллюстрациялық көрмесі ұйымдастырылады », - деді ақпарат көзі. Кешке туыстары мен достары, танымал қазақстандық суретшілер, Алматы кітапханаларының қызметкерлері мен оқырмандары қатысты.
Дереккөздер:
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Атабаев Б.М.
- ↑ Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965260958
- ↑ https://www.inform.kz/ru/v-almaty-proydet-vecher-pamyati-pevicy-madiny-eralievoy_a2661965