Мәдени география
Мәдени география - орта мәдениетінің айырмашылығын және мәдениеттің аумақтық таралуымен таныстыратын әлеуметтік-экономикалық географияның тарауы.
Ғылыми бағытта дамуына 1930-жылдары Карл Зауэр үлес қосты, ұзақ уақыт көбіне АҚШ –та дамыды. Зауэр көбіне нарықты және дескриптор анализдің методологиясын қолданады.
К. Зауэрден кейін мәдени географияның қалыптасуына және дамуына Ричар Хартшорн және Вильбур Зелинский үлес қосты.
1980-х жылдардан "жаңа мәдениетті география" бағыты сипат алды.
«Географиялық мәдениет» жалпы адамзат мәдениетінің бір бөлігі ретінде географиялық мәдениет география ғылым және білім арқылы беріледі. Ол
- әлемнің географиялық картинасы,
- географиялық ойлау,
- географиялық әдістер,
- географиялық тілден тұрады.
“Мәдениет” атауы латын тілінен алғашында топырақ өңдеу дегенді білдіреді. Сөйтіп табиғи себептерден туған өзгерістерден өзгеше, адам әрекеттерінен табиғат обьектісінде болатын барлық өзгерістер мәдениет деп түсінілді. Кейіннен “мәдениет”сөзі адам жасағанның бәрін білдіретін жинақтаушы атауға айналды. Осы тұрғыда алғанда мәдениет адам жасаған “екінші табиғат”, табиғатта жоқ, адамның саналы қызметінен жасалған бүкіл дүние ретінде қарастырылады. Мәдениет дегеніміз - белгілі бір адамдар тобы үшін ортақ мінез – құлық нормалары мен үлгілері, сенімдер мен адамгершілік құндылықтарының жиынтығы. [1]
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Бұл мақалада еш сурет жоқ.
Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
Ортаққорда бұған қатысты медиа файлдар бар: Category:Cultural geography |