Мазмұнға өту

Мұз кезеңі

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Мұз кезеңі, гляциал — климаты өте суық және тек полюстік ендіктерде ғана емес, қоңыржай ендіктерде де материктік мұздықтың дамуымен сипатталатын жердің геологиялық тарихындағы уақыт бөлігі. Мұздық дәуірі мұздың түгелдей еруімен — мұздықаралық (интергляциалдық) дәуірмен бөлінеді. Мұздық дәуірінің ішіңде мұздықтық кезеңдері (сатылары) болады. Олар бір мұздықтық дәуірдің ішінде мұздың басуымен немесе шегінуімен және кезеңаралық (интер- кезеңдік) — аралық уақытпен сипатталады.[1]

Ол климаттың ұзақ, үздіксіз және қатты салқындауымен, полярлық және қоңыржай ендіктердегі жабық мұздықтардың өсуімен сипатталады.

Мұз дәуірі құрлықта мұз қабаттары түрінде су жиналуына байланысты Дүниежүзілік мұхит деңгейінің 100 м немесе одан да көп төмендеуімен қатар жүреді.

Мұз дәуірінде көпжылдық мұздатылған жыныстар алып жатқан аймақтар кеңейіп, топырақ пен өсімдік аймақтары экваторға қарай жылжиды.

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: География және геодезия. — Алматы: «Мектеп» баспасы, 2007 жыл. — 264 бет. ISBN 9965-36-367-6