Михаил Евгеньевич Массон
Массон Михаил Евгеньевич (3.12.1897, Санкт-Петербург — 2.11.1986, Ташкент) — археолог, шығыстанушы, тарих ғылымдарының докторы (1949), проффессор (1949). Түрікменстан ҰА-ның академигі (1951), Орталық Азияда жүргізілген 100-ден астам тарихи-археологиялық зерттеулерге қатысты. Ортағасырлық Кушан, Термез қалаларына жүргізілген археологиялық қазба жұмыстарын басқарды (1936 — 38). 1930 — 70 ж. Ташкенттегі Орта Азия университеті археология кафедрасының меңгерушісі болды.
Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне архитектуралық тұрғыда алғаш зерттеу жүргізді (1930). Сондай-ақ сол жерде жерленген қазақ хандарының қабірлері жайында зерттеп, нақты мәліметтер қалдырды.
Шығармалары
[өңдеу | қайнарын өңдеу]"О постройке мавзолея Ходжа Ахмеда Яссави в г.Туркестане" //" Изв. Среднеазиатского географического общества, т. 19, Таш., 1929; По поводу некоторых монетных находок, зарегистрированных на территории Казахстана до 1942 ж."//"Вестник АН КазССР, 1948."
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Овезов Д.М., Академик М.Е. Массон, Ашх., 1970. С. Өтенияз
"Қазақ Энциклопедиясы", 6 том
Сілтемелер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Қазақ Энциклопедиясы
- ↑ Отырар. Энциклопедия. – Алматы. «Арыс» баспасы, 2005 ISBN 9965-17-272-2
Бұл мақалада еш сурет жоқ.
Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |