Михаил Григорьевич Цхакая
Михаил Григорьевич Цхакая(партиялық бүркеншік аты-Барсов,Гурген, Леонов)(04.05.1865,Кутаиси губерниясы,Хунци селосы, - 19.03.1950,Мәскеу,Тбилиси) - кеңес мемлекет және партия қайраткері. 1898 жылдан Компартия мүшесі.
Өмірбаяны
[өңдеу | қайнарын өңдеу]1892-93 жылдары Грузиядағы тұңғыш "Месамедаси" социал - демократия ұйымын құруға қатысты. 1903 жылдың наурызынан РСДЖП Кавказ одақтық комитеті басшыларының бірі. РСДЖП 3-және 5-(Лондон) съездерінің делегаты. 1907-17 жылдары Женевада эмиграцияда болды. 1917 жылы В.И.Ленинмен бірге Ресейге оралып, РСДЖ(б)П 7-(тамыз) - конференциясына қатысты. 1917 жылы мамырда жұмысшы және шаруалар депутаттары Кавказ өлкелік Кеңесінің мүшелігіне сайланды. 1920 - 30 жылдары Грузияда басшы партия, кеңес жұмысында болды. КСРО ОАК Президиумының мүшесі. 1920 жылдан Коминтерн аткомының,1931 жылдан Интернационалдың бақылау комиссиясының мүшесі. Цхакая -Комитерннің 2 - 7 конгрестерінің, партияның 10,11,13,15,17 - съездерінің делегаты. КСРО Жоғары Кеңесінің үш сайлауында депутат болды.
Қолданылған әдебиет
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- Қазақ Совет энциклопедиясы, 1978 жыл, Алматы,12 том, 87 бет