Мин Юнги
Мин Юнги | |
2016 жылдың ақпан айы | |
Негізгі ақпарат | |
---|---|
Толық аты |
민윤기 |
Туған күні | |
Туған жері |
Корея Республикасы, Тэгу қаласы |
Мемлекет | |
Мамандығы |
рэпер |
Жанры | |
Ұжымы | |
Лейблдері |
BigHit Entertainment |
Мин Юнги (кор. 민윤기; 1993 жылдың 9 наурызында дүниеге келді, Suga ретінде көбірек танымал кор. 슈가) — оңтүстік кореялық рэпер, композитор және дыбыс продюсері. BTS бойз-бендінің негізгі рэпері болып табылады. 2016 жылдың тамыз айында өзінің жеке «Agust D» атты микстейпін Agust D сахналық есімімен шығарды.
Өмірбаяны
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Мин Юнги 1993 жылдың 9 наурызында Тэгу қаласында дүниеге келді. Ағасы Min Geum-jae. Тэджондағы бастауыш мектепте, Кваным орта мектебінде және Апгуджеонг жоғарғы мектебінде оқыды. 13 жасында ән жазып, MIDI-ді үйрене бастады. 17 жасында дыбыс жазу студиясында жартылай жұмыс күнімен жұмыс істеді. Сол уақыттан бастап Юнги музыка жасап, оны аранжировкалаумен, рэп айтумен және жаттығу концерттерімен айналыса бастады. Big Hit Entertainment-ке түскенге дейін, ол андерграунд рэпер Gloss ретінде танымал болды. D-Town хип-хоп командасының құрамында, ол 2010 жылы Кванджу көтерілісінің құрметіне арналған «518-062» трегін шығарды.[1]
2019 жылдың наурыз айында, «Телерадио және ойын-сауық» мамандығы бойынша Глобалды кибер-университетті бітірген соң, Юнги Ханьян кибер-университетіне жарнама және медиа саласындағы іскерлік әкімшілік магистратура бағдарламасына оқуға түсті.[2]
Әскери қызметі
[өңдеу | қайнарын өңдеу]2020 жылдың желтоқсанында әскери қызмет туралы заңға енгізілген өзгерістерден кейін BTS бойз-бэндінің барлық мүшелеріне 2021 жылы міндетті әскери қызметті кейінге қалдыруға мүмкіндік берілді, бұл мерзім 2022 жылдың соңына дейін ұзартылды. 2023 жылдың 7 тамызында, әлемдік турын аяқтағаннан кейін, Big Hit Music лейблі Weverse қызметі арқылы Юнги кейінге қалдырудан бас тарту туралы өтініш бергенін және әскери міндетін орындауға кірісетінін жариялады.[3] 22 қыркүйекте ол әскери қызметін әлеуметтік қызметкер ретінде бастады.
Мас күйінде көлік жүргізуге қатысты айыптар
[өңдеу | қайнарын өңдеу]2024 жылдың 6 тамызында түнде Юнги Сеулдің Ханнам-дон ауданында электросамокатпен жүргенде құлап, оны полицей анықтап, оның мас күйінде болғанын байқады.[4] Полиция бөлімшесінде алкогольге тексерілген соң, қанындағы алкоголь деңгейі кемінде 0,08% болғандықтан, Юнги айыппұл төлеп, жүргізуші куәлігінен айырылды. Әнші мен оның лейблі Big Hit Music бұл жағдайға байланысты мәлімдемелер жасап, тамақ ішіп отырған кезде алкоголь ішкенін және Юнги кешірім сұрағанын хабарлады.[5] Фанаттары Юнгидің кешірімін қабылдап, оны қолдады.
2024 жылдың 8 тамызында полиция Юнгиге қатысты Оңтүстік Кореяның жол қозғалысы туралы заңын бұзды деген айыппен тергеу басталғанын хабарлады.[6] Оңтүстік Кореяның әскери еңбек ресурстары басқармасы бұл мәселені бөлек қарастырмайтынын мәлімдеді, өйткені бұл оқиға жұмыс уақытынан тыс уақытта болған жеке іс деп саналды. 16 тамыз күні таңертең Hybe штаб-пәтерінің алдында кейбір BTS фанаттары қаржыландырған наразылық жүк көліктері пайда болды.[7] Жүк көліктерінде Юнгидің бойз-бэндтен кетуін талап ететін жазбалар көрсетілді.
24 тамызда Юнги мас күйінде көлік жүргізу оқиғасына байланысты тергеуге шақырылды. Полиция бөлімшесінің алдында әнші БАҚ өкілдеріне қысқаша мәлімдеме жасап, бұл желі қолданушылары арасында реакция тудырды. 15 тамызда «Samsung Deutschland» аккаунты X әлеуметтік желісінде Юнги бейнеленген Galaxy S24 Ultra телефонының суреттері бар жақында жарияланған жазбаларды өшіріп тастады.[8]
Мансабы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]2013 жылы 13 маусымда Мин Юнги BTS тобының мүшесі ретінде «2 Cool 4 Skool» альбомындағы «No More Dream» трекімен сахнаға шыққан болатын. Ол BTS тобының барлық альбомдарындағы бірнеше өлеңнін сөзін және музыкасын жазған.
9 желтоқсан күні 2013 жылы оған аппендицит диагнозы қойылып, операция жасау үшін Кореяға қайтқан болатын, сол үшін де Шуга көптеген концерттерде қалған мемберлермен бірге бола алмады.
Жеке мансабы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Мин Юнгидің ең алғашқы жеке микстейпі 2016 жылдың 16 тамызы күні Agust D сахналық есімімен шықты. «Agust D» және «Give it to Me» видеоклиптары YouTube канылына шығарылған болатын. Бұл видеоклиптер 12 сағаттан аз уақыт ішінде 1 миллионннан астам көрермен жинаған.
Дискография
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Bangtan Boys
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Синглдары
[өңдеу | қайнарын өңдеу]№ | Альбом | Альбом жайлы ақпарат |
---|---|---|
Корейше | ||
1 | 2 COOL 4 SKOOL |
Трек-парақша
|
Жапонша | ||
1 | NO MORE DREAM -Japanese Ver.- |
Трек-парақша
|
2 | BOY IN LUV -Japanese Ver.- |
Трек-парақша
|
3 | DANGER -Japanese Ver.- |
Трек-парақша
|
4 | FOR YOU |
Трек-парақша
|
5 | I NEED U -Japanese Ver.- |
Трек-парақша
|
6 | RUN -Japanese Ver.- |
|
Мини-альбомдары
[өңдеу | қайнарын өңдеу]№ | Альбом | Альбом жайлы ақпарат |
---|---|---|
1 | O!RUL8,2? |
Трек-парақша
|
2 | Skool Luv Affair |
Трек-парақша
|
Skool Luv Affair Special Addition |
Трек-парақша
| |
3 | 花樣年華 pt.1 |
Трек-парақша
|
4 | 花樣年華 pt.2 |
Трек-парақша
|
5 | 花樣年華: Young Forever |
Трек-парақша |
Толықформатты альбомдары
[өңдеу | қайнарын өңдеу]№ | Альбом | Альбом жайлы ақпарат |
---|---|---|
Корейше | ||
1 | DARK&WILD |
Трек-парақша
|
2 | WINGS |
Трек-парақша
|
Жапонша | ||
1 | WAKE UP |
Трек-парақша
|
- ↑ https://web.archive.org/web/20180509104631/http://tenasia.hankyung.com/archives/298078
- ↑ https://web.archive.org/web/20231226111810/https://entertain.naver.com/read?oid=609&aid=0000298280
- ↑ https://m.entertain.naver.com/now/article/477/0000444552
- ↑ https://www.nytimes.com/2024/08/07/arts/bts-suga-drunk-electric-scooter.html
- ↑ https://www.bbc.com/news/articles/cy0rl85rjvyo
- ↑ https://n.news.naver.com/article/025/0003378712?sid=102
- ↑ https://www.yesasia.ru/article/1549200
- ↑ https://www.yesasia.ru/article/1550103