Мешіт
Ислам |
---|
Бұл мақала келесі тізімдеменің бір бөлігі: |
Мешіт - (араб.: مسجد [ˈmæsdʒɪd] - мәсджід «сәжде ететін жер») Мұсылмандар құлшылық ететін ғимарат.[1] Діни аңыздарға қарағанда алғашқы мешіт 7 ғасырдың 1-ширегінде Медине қаласаның жанындағы Құбыла деген елді мекенде салынған. Төбесі құрма ағашының жапырақтарымен жабылған төртбұрышты үй болған. Мешітке мұсылмандар намаз оқу, діни өсиеттерді тыңдау және қоғамдық мәселерді талқылау үшін жиналатын болған.[2]
Мешіттің ашық аулалы және төбесі күмбезделіп жабылған екі түрі кең өріс алған. Ашық аулалы түрі, негізінен, араб елдерінде, күмбезді мешіттер Орта Азияда жиі кездеседі. Мешіттің Меккеге қараған қабырғасында мінажат ету үшін жасалған қуыс - михраб, оның оң жағын ала құран немесе аят оқу мақсатында орнатылған мінбер болады.[3]
Әлем мешіттері
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Сауд Арабиясындағы Меккеде орналасқан бұл мешіт 1570 жылдан бері белгілі. Ол уақыттардан бері бірнеше жөндеу жұмыстары жүргізіліп, нәтижесінде мешіт бүгінде әлемнің ең көрікті, ең үлкен ғимараттарының қатарынан орын алып келеді.
Мешітте соңғы рет құрылыс жұмыстары 1980 жылдардың соңында, оңтүстік-батыс жағынан үлкен екі мұнарасы бар тұрық салған уақытта жүргізілді. Қазіргі таңда мешітке кіретін басты есік дәл осы тұрықта орналасқан. Ол – Фахд королдің қақпасы. Мешіт құрылысы 309 мың км² жер алып жатыр. Ғимараттың 95 метр биіктікке жететін 9 мұнарасы және төрт қақпасынан бөлек мешітке кіретін 44 есігі бар. Мешітке бір уақытта 700 000 мың адам сыйып кетеді.
Әл-Набави мешіті
Көлемі жөнінен Мәдина қаласындағы мешіттен кейінгі үлкен мешіт 622 жылы тұрғызылған. 400-500 шақырымды алып жатқан мешітке бір мезгілде 600 мың адам сыйып кетеді. Қажылық кезінде бұл көрсеткіш 1 миллион адамға жететін көрінеді.
Кешенде 105 метрлік 10 шақты мұнара бар. Мешітте бүгінге дейін, яғни 400 жылдан астам уақыт бойы бірнеше рет жөндеу жұмыстары жүргізілген.
Омейядтар мешіті
Дамаскідегі Омейядтар мешіті әлемдегі ең әдемі мешіттердің бірі саналады. Ол Омейядтар әулетінің алтыншы билеушісі әл-Валиданың бұйрығымен түрғызылған. Құрылыс жұмыстары 709-715 жылдар аралығында жүргізілген екен. Мешіттің біршама бөлігі алтынмен жалатылған және түрлі-түсті мәрмармен қапталған.
Шейх Зайед мешіті
Шейх Зайед мешіті – әлемдегі үшінші үлкен мешіт. Мешіттің атауы - Біріккен Араб Әмірлігінің негізін қалаушы шейх Зайед ибн Сұлтанның құрметіне берілген. Салтанатты ғимарат өзінің үлкендігмен және әсемдігімен ысылмаған көрерменнің өзін таңқалдыра алады. Өйткені мешіттің дизайнерлік және материал таңдау жұмыстарымен өз ісінің ең үздік шеберлері айналысқан болатын. Олар Италиядан, Германиядан, Мароккодан, Үндістаннан, Түркиядан, Ираннан, Қытайдан, Грекидан шақырылды.
Мешіттің құлшылық жасалатын залына әлемдегі ең үлкен кілем төселген. Қолөнердің бұл озық үлгісі 5627 шары метрлік көлемге арналып жасалған және салмағы 45 тоннаны құрайды. Құны 6 миллион долларды құрайтын кілемді екі бірдей ұшақпен әкелген. Кілемді тоқуға екі жылдай уаықт кеткен. Мұнда бір мезгілде 40 000 адам құлшылық жасай алады.
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8
- ↑ Ислам. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2010 ISBN 9965-26-322-1
- ↑ Отырар. Энциклопедия. – Алматы. «Арыс» баспасы, 2005 ISBN 9965-17-272-2
Сілтемелер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
|
Бұл — Ислам туралы мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. |