Мазмұнға өту

Метрит

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Метрит (грек. metra — жатыр) — жатырдың кілегей және етті қабығының қабынуы. Метрит көбінесе жатырға инфекция (стрептококк, стафилококк) өтуінен, сондай-ақ аборттан кейін, қиналып босанудан болады. Кейде туберкулез, баспа т. б. жедел өтетін аурулардан кейін болуы мүмкін. Жатырға өткен инфекция жатырдың ішкі қабығын қабындырады (эндометрит}, ал уақытылы емделмесе кілегей қабығының қан және лимфа түйіндері арқылы ет қабатына өтiп, метроэндометритке айналады. Жедел басталған метрит кезінде дене қызуы көтеріледі, бас ауырады, жатыр ұлғаяды, жатырдан қан аралас ipiң бөлінеді.

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Қазақ Совет Энциклопедиясы.1976. Том 8