Менопауза

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту

Менопауза немесе климакс — бұл әйелдердің етеккір тоқталған мезеті.

Осы етеккір паузасынан соң ол бала көтермейді. Осынау «өмір өзгерісіне» әйелдер 40—60 жас аралығында келіп жетеді. Етеккір мүлдем тоқталар алдында оның келіп-кету кезеңінің реттілігі бұзылады.

Етеккір паузасы кезінде де, одан соң да жыныстық қатынасты тыюдің ешбір негізі жоқ. Әйтсе де, әйелдің осы өтпелі кезеңде жүкті болып қалуы әбден мүмкін нәрсе, сондықтан егер де бала көтермеуге бел буса, жыныстық қатынаста етеккір тоқтағаннан кейінгі 12 ай бойына барлық сақтану шараларын мұқият жасап бағуы қажет.

Етеккір тоқтағанда, әйел өзін жүкті болып қалдым деп ойлауы мүмкін. 3-4 айдай кідіріп барып үзілістен кейін келген етеккірді ол тіпті түсік деп санайды. Сол себептен де егер 40-50 жас аралығындағы әйелдің бір уақытта қайтадан етеккірі келе бастаса, оған мұның етеккір тоқтауы екендігін айтып түсіндіру қажет.

Етеккір тоқталған кезінде әйелдер өздерін жайсыз сезінеді — мазасызданады, көңіл-күйі құлазиды, ыстығы көтеріледі (дене қызуы тосыннан қолайсыз көтеріліп кетеді), өн-бойы салдырап ауырады, жабығыңқы жүреді. Етеккір тоқтағаннан кейін көптеген әйелдердің көңіл күйі көтеріңкі жағдайда болады.

Етеккір тоқталған кезінде көп кідірістен соң (айлар, жылдар өтіп) қан тағы да ағып, іштің төменгі жағы ауыра бастаса, дәрігерге көрінулері керек. Олар өздерінің ісікке немесе басқадай бір қатаң дертке шалдықпағандықтарына көз жеткізгені жөн.

Етеккір тоқтағаннан кейін әйелдің сүйегі күйректеніп, сынғыш болады. Кездейсоқ сынықтан сақтану үшін олар құрамында кальций бар тағамдарды көбірек ішіп-жеуі қажет. Енді бала көтермейтін әйелдің қолы босайды да, ол бұдан былайғы жерде немерелерін бағып немесе оған өзі тұрған жерде қоғамдық пайдалы істермен айналысуға мүмкіндік туады.[1][2]

Менопауза кезеңнің ерте белгілері

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  • Қалтырау
  • Тершеңдік
  • Бас ауруы
  • Артериялық қысымның жоғарылауы немесе төмендеуі
  • Жүректің жиі қағуы
  • Тітіркену
  • Ұйқышылдық
  • Әлсіздік
  • Мазасыздық
  • Депрессия
  • Ұмытшақтық
  • Либидоның төмендеуі[3]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Шаңырақ : Үй-тұрмыстық энциклопедиясы. Алматы : Қаз.Сов.энцикл.Бас ред., 1990 ISBN 5-89800-008-9
  2. Вернер, Дэвид. Халыққа медициналық жәрдем көрсету жөніндегі (Анықтамалық). Қазақ тіліне аударғандар: Айымбетов М, Бермаханов А.—Алматы: "Демалыс", "Қазақстан", 1994— 506 бет. ISBN 5-615-01453-9
  3. Emde.kz - Медициналық портал.