Мекиен
Навигацияға өту
Іздеуге өту
Мекиен - жұмыртқа салатын тауық. Алғашқы жұмыртқаны тауық 120-180 күндігінде сала бастайды. Бір жылда берген жұмыртқа саны мен оның орташа салмағы мекиеннің жұмыртқа өнімінің негізгі тауарлық көрсеткіші болса, тұқымдық бастарының көрсеткіштеріне салған жұмыртқасының инкубациялық қасиеттері де жатады. Әдетте, мекиен өмірінің екінші жылында ең көп жұмыртқа береді. Мекиенді 3 жылға дейін тиімді ұстауға болады.[1]
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Ә.Байжұманұлы, К.Бекболатұлы . Мал шаруашылығы сөздігі. Алматы-2011. ISBN 978-601-7254-21-6