Мбунда
Мбунда | |
амбунда, мамбунда | |
Бүкіл халықтың саны | |
---|---|
310 000 | |
Ең көп таралған аймақтар | |
Ангола |
120000 |
Конго Демократиялық Республикасы |
100000 |
Замбия |
95000 |
Тілдері | |
Діні | |
дәстүрлі сенімдер |
Мбунда (амбунда, мамбунда)[1] — Ангола, Конго Демократиялық Республикасы және Замбиядағы банту тобының халқы. Жалпы саны 310 мың адам.[2] Анголада 120 мың, Конго Демократиялық Республикасында 100 мың, Замбияда 90 адам.[3]
Тілі
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Олар нигер-кордофан отбасының Бенуэ-Конго тілдер тобының Мбунда (Чимбунда) тілінде сөйлейді.[4]
Діні
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Дінге сенушілердің діни наным-сенімдері: дәстүрлі сенімдер.[5]
Кәсібі
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Дәстүрлі кәсіптері қолмен атқарылатын егіншілік (тары, құмай, маниок, тәтті картоп, таро, асқабақ, бұршақ дақылдары), мал шаруашылығы (ірі қара және ұсақ мал), аңшылық, балық аулау. Дәстүрлі қолөнерден – кілемше тоқу, ағаш ою (антропоморфтық мүсіншелер, ғұрыптық маскалар) дамыған.[6]
Өмір салты
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Негізгі әлеуметтік бірлік үлкен отбасылық қауымдастық болып табылады.
Елді мекендері жинақы орналасқан. Тұрғын үйлері төртбұрышты, қабырғалардың қаңқасы шыбықтармен өріліп, балшықпен сыланған. Төбесі биік, пирамида тәрізді, шөп пен жапырақтардан жасалған. Биік ағаш қадаларда балшықпен сыланған астық қоймалары, қосалқы құрылыстар бар.
Дәстүрлі тағамдары – шелпек, құмай ботқасы, маниок, ет, сүт.[7]
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Современная энциклопедия МБУНДА https://rus-modern-enc.slovaronline.com/6751-МБУНДА
- ↑ Современная энциклопедия https://dic.academic.ru/dic.nsf/enc1p/29210
- ↑ Современная энциклопедия - мбунда http://www.terminy.info/literature/modern-encyclopedia/mbunda
- ↑ Современная энциклопедия Мбунда https://my-dict.ru/dic/sovremennaya-enciklopediya/203044-mbunda/
- ↑ Значение слова МБУНДА в Современном энциклопедическом словаре https://slovar.cc/enc/sovremenniy/1841932.html
- ↑ Народы и культуры Мбунда https://travel-journal.ru/ethno/40/1007/(қолжетпейтін сілтеме)
- ↑ народы мира / Мбунда http://www.etnolog.ru/people.php?id=MBUN