Масштаб
Навигацияға өту
Іздеуге өту
Масштаб (нем. Maßstab. Maß — өлшеуіш, мөлшер және Stab — таяқ)[1] — сызба, жоспардағы аэрофототүсірудегі немесе картадағы кесінді ұзындығының сол кесіндінің нақты ұзындығына қатынасы. Дерексіз санмен өрнектелген бұл қатынас сандық Масштаб деп аталады. Жоспар мен карталардың сандық Масштабты бөлшек сан арқылы өрнектеледі, алымы бірге тең болса, бөлімі бейнеленген сызықтың неше есе кішірейтілгенін көрсетеді. Сызбада машиналар мен приборлардың ұсақ бөлшектері, көбінесе үлкейтілген мөлшерде көрсетіледі. Бұл жағдайда сандық Масштаб бірден үлкен санмен өрнектеледі. Жоспар мен картадағы ұзындықты өлшеуде қолданылатын сызықтық Масштаб заттың ұзындығын көрсететін, тең бөліктерге бөлінген, жазуы бар түзу сызықтан құралады.[2][3][4][5]
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Рахимбекова З.М. Материалдар механикасы терминдерінің ағылшынша-орысша-қазақша түсіндірме сөздігі ISBN 9965-769-67-2
- ↑ “Қазақстан”: Ұлттық энциклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9
- ↑ Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Машинажасау. — Алматы: "Мектеп" баспасы, 2007. ISBN 9965-36-417-6
- ↑ Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Әскери іс. Алматы:"Мектеп" ААҚ , 2001
- ↑ Қазақстан - спортшылар елі. Энциклопедиялық анықтамалық. - Алматы: "Сөздік-Словарь". ISBN 9965-822-57-3
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |