Мазмұнға өту

Лотуко

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Лотуко
латуко, отуксо
Бүкіл халықтың саны

400 000

Ең көп таралған аймақтар

 Судан

Тілдері

лутоко тілі

Діні

дәстүрлі діни нанымдар

Лотуко (латуко, отуксо) — Оңтүстік Суданда, Джуба қаласының аймағында және Ақ Ніл мен Пибор өзендерінің арасында тұратын халық..[1] Жалпы саны 400 мың адам.[2]

Тілі лутоко тілі. Диалектілері: донготоно, кориук, ланго, логири, локойя, ломиа, лопит, лоруама, ловудо.

Дәстүрлі діни нанымдарды (табиғат күштеріне табыну және ата-бабалар культі) Ұстанады.[3]

Лотуколар негізінен ірі (зебу) және ішінара ұсақ мал өсірумен, қол атқарылатын егіншілік (жержаңғақ, маниок, күнжіт, ұнтақталған бұршақ, бұршақ тұқымдастар), балық аулау және аңшылықпен айналысады. Шөптен, талшықтардан және пальма жапырақтарынан тоқу, металл өңдеу, ағаш ою, мүсін өнері дамыған..[4]

Өмір салты

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Патрилиндік тайпалық ұйым және вирилокальды көп отбасылық қауымдастықтар бар. Ауылдық қауымдар көсем басқаратын тайпаларға біріктіріледі. Жыныстық және жастық институттар маңызды рөл атқарады, Инициациялар жүзеге асырылады.

Елді мекендер шашыраңқы орналасқан. Үйшіктер дөңгелек, қабырғалары тоқылып, балшықпен сыланған, шатырлары сабан мен пальма жапырақтарынан жасалған конустық формада. Айналасы дуалмен қоршалған тұрғын үйлері мен шаруашылық құрылыстары бар үйлер мал қорасы қызметін де атқарады.

Ерлердің дәстүрлі киімі жамбасты жауып тұратын белдемше, әйелдер кең көйлек, белдемше киеді. Дәстүрлі зергерлік бұйымдары - темір немесе мыс білезіктер.

Тамағы негізінен өсімдік тектес – жарма мен көкөністен жасалған бұқтырылған тағамдар, құмайдан жасалған жарма, тары, қан аралас сүт ішеді. Ет ерекше жағдайларда қолданылады (үйлену тойлары, инициациялар және т.б.).<refнароды мира / Лотуко >http://www.etnolog.ru/people.php?id=LOTU</ref>

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Большая советская энциклопедия https://dic.academic.ru/dic.nsf/bse/104614/Лотуко
  2. Современная энциклопедия - лотуко http://www.terminy.info/literature/modern-encyclopedia/lotuko
  3. Значение слова ЛОТУКО в Большой советской энциклопедии, БСЭ https://slovar.cc/enc/bse/2013488.html
  4. Народы и культуры Лотуко https://travel-journal.ru/ethno/39/921/(қолжетпейтін сілтеме)