Лискун
Лискун Ефим Федорович (26. 10. 1873, Черновиц обл., Атаки с.,—19. 4. 1958, Москва) — мал өсіру саласьш-дағы совет ғалымы, ВАСХНИЛ академигі (1934), РКФСР-дің еңбек сің. ғылым қайраткері (1934). Москва а. ш. ин-тын бітірген (1900), 1906 жылдан профессор. Ол Петроградтық орман ин-тыпда (1918) жөне К. А. Тимирязев атынд. Москва а. ш. академиясында 1923 жылдан қызмет істеді. Л — совет зоотех. ғылымының негізін салушылардың бірі. Оның негізгі еңбектері («Краснын немецкий скот», 1911, «Русское отродья крупного рогатого скота», 1928; «Отечественные породы крупного рогатого скота», 1949, «Крупный рогатып скот», 1951 т. б.) отандық мал тұқымдарын зерттеу және жетіл-діру мәселелеріне арналган. Ол дала қызыл сиыры, қырғыз сиыры және астрахань сиырьна тәжірибе жүрп- зіп, тұқымның сапасы малдың күті-міне, азықтандыруға байланысты өз-геретіяін дәлелдеді. Москва обл-ның бірқатар колхоздарында тәжірибе жүргізіп (1936) сиырдың сүттілігін 2—3 есе көтеруге болатынын көрсетті, мал тұқымын жақсартудың жолдарын белгіледі. Москвадағы мемл. мал ша-руашьшық музейіне Л-нық есімі бе-рілді (1950). Ол — мал өсіру жөнін-дегі бірнеше оқулықтың авторы. КСРО Мемл. сыйлығының лауреаты (1943), 4 рет Ленин орденімен, 3 Еңбек Қызыл Ту ордені, «Құрмет Белгісі» ордені және медальдармен марапаталған.