Линчевский кемпіршөбі
Көрініс
Линчевский кемпіршөбі (Acantholimon linczevskii) Кермек тұқымдасы — Қазақстанда өте сирек кездесетің, эндемиктік түр. Сырдария Қаратауының орталық бөлігінде жоғары және ортанғы тау белдеулерінің тасты шыңдарында кездеседі. Бірегей аласа бұта (биіктігі 10 см шамасында), сұр жасыл жалпақ жастық түзеді. Әсіресе гүлдеу кезінде қарама-қарсы түсті ақшыл тостағаншалармен және қызғылт гүл тәжімен өте тартымды. Түр өткен жылдардағы малды шектен тыс жаю салдарынан зардап шекті. Қазіргі кезде популяциясының біразы Қаратау қорығында қорғалады. Мәдени өсірілу табиғаттағы сияқты зерттелмеген.
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]↑Қазақстан өсімдіктер әлемінің асыл қазынасы