Лив тілі
Лив тілі | |
Өз атауы: |
Līvõ kēļ, rāndakēļ |
---|---|
Елдер: | |
Аймақтар: |
солтүстік Курземе |
Реттейтін мекеме: | |
Сөйлеушілер саны: |
0[1] |
Классификация | |
Санаты: | |
Жазуы: | |
Тіл коды | |
ISO 639-1: |
— |
ISO 639-2: |
fiu |
ISO 639-3: |
liv |
Тағы қараңыз: Жоба:Лингвистика |
Лив тілі (өз атауы līvõ kēļ «ливтердің тілі» немесе rāndakēļ «жағалаудағы тіл») — ливтердің тілдері, балтық жағасы-фин топ тармағы фин-угор тілдеріне[2]тиесілі. Лив халқының ана тілі, жағдайларға байланысты сөйлесу кезінде жий қолданбайды, бірақ сонда да балтық жағалауындағы елдер әлі де лив тілін зерттеп, оқытады, әсіресе Латвии және Эстония (Тарту).
Қазіргі ливтердің көп бөлігі леттизацияланды[3]. Лив тілі соңғы рет күнделікті өмірде Виктор Бертольдпен (1921—2009) және әйелі Марта-мен (1925—1994) қолданылған . 2012 жылы әлемде оптимисттік көзқараспен қарағанда, лив тілін жеткілікті меңгерген 210 адам бар еді. Лив тілі ана тілі болған, соңғы адам Гризельда Кристинь[4]болды, ұзақ уақыт Канадада болып, 103 жасында 2013 жылы 3 маусымда өледі.[1].
Тілдің атауы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Либь этнонимы XI ғасырлардан бері көне орыс жазбаларында кездесіп келе жатыр, ал XII ғасырдан латин тілдес немістерде - Livones (Livonia мемлекетінің атауы да осыдан шыққан). Жазбаша атауы, қазіргі таңдағы орыстар секілді «ливтер» өзін-өзі атауы līvõ / lībõ. Өзін-өзі атауының екі этимологиясы бар: оны карел-ливиктермен (livvikoi) байланыстырады және балтық жағасындағы финдер тайпасымен немесе праприбалтық-финдерден шығаратын болсақ *līva (фин. liiva «лай, балшық», эст. liiv «құм»), бұл жағдай ливтердің құмды жағалауларда тұрғандарымен айқындалады.[5].
Лингвогеография
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Ареал
[өңдеу | қайнарын өңдеу]XX ғасырдың ортасында ливтер Курляндияның 20 ауылын мекендеген: Мелнсилс (Mustanum), Колка (Kūolka), Вайде (Vaid), Саунагс (Sänõg), Питрагс (Pītrõg), Кошрагс (Koštrõg), Мазирбе (Ire), Сикрагс (Sīkrõg), Яунциемс (Ūžkila), Лиелирбе (Īra), Микельторнис (Piza), Лужня (Lūž)[6].
Диалект
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Бұрында лив тілінде екі негізгі диалект болған: курляндық (курземдық) және салацтық (видземдік, лифляндық)[7][8]. Салац тілі XIX ғасырда жоқ болып кетті. 1846 жылы А. Шёгрен 22 салац диалектін тасымалдаушыны тапқан. 1858 жылы Ф. Видеман 8 қартты тапқан, соңғысы 1868 жылы өлді[9].
Курлянд диалектісі үшке бөлінеді: шығыс, батыс және орта. Олардың арасындағы айырмашылық үлкен емес. Алғашында әдеби тіл екі нұсқада құрылған (батыс және шығыс диалектілік үшін), 1970-1980 жылдары орта-лив ерекшеліктері әдеби тілден тасталады[10].
Статус
[өңдеу | қайнарын өңдеу]1991 жылы19 наурызда Латвия Республикасы қабылдаған «Еркін дамуы мен Латвияның ұлттық және этникалық топтардың мәдени автономиясының құқығы туралы» Заң бойынша, ливтерге «Латвия ұлттарының көне және негізгі ұлты» деген құқықтық статус беріледі, ал 1999 жылы 9 қаңтардан бастап лив тілінің статусы мемлекеттік деңгейде орнатылды, Латвия Республикасының 21 желтоқсан 1999 жылы қабылданған заңның 4 беті бойынша «Мемлекет тілі туралы»мемлекет, жергілікті халықтың(автохтон)[11]. тілі ретінде лив тілінің сақталуын, қорғалуын және дамуын қамтамасыз етеді.1995 жылдан бастап, лив тілі мен лив мәдени құндылықтары Латвия ұлттық мәдени мұрасына енгізілген[11].
Жазуы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Бірінші литвалық тілін зерттеушілер А. Шёгрен және Ф. Видеман, лив тілін жазу үшін фонетикалық транскрипциясын қолданды. Ол сондай-ақ 1863 жылы жарық көрген, Лив тіліндегі бірінші басылған кітабында қолданылған.[12]
1920 жылдары шыққан жарияланымдарда, фонетикалық транскрипциясы негізіндегі орфография қолданылған, бірақ эстондық орфография элементтері бар. Сонымен қатар õ әріпі енгізілді[13].
Лив тілінің алфавиті:
Aa, Āā, Ää, Ǟǟ, Bb, Dd, Ḑḑ,
Ee, Ēē, Ff, Gg, Hh, Ii, Īī, Jj,
Kk, Ll, Ļļ, Mm, Nn, Ņņ, Oo,
Ōō, Ȯȯ, Ȱȱ, Õõ, Ȭȭ,
Pp, Rr, Ŗŗ, Ss, Šš, Tt, Țț,
Uu, Ūū, Vv, Zz, Žž.
Ескірген әріптері: Öö, Ȫȫ, Yy, Ȳȳ.
ț, ḑ, ņ, ļ және ŗ әріптерінің астындағы седиль, дауыссыз дыбыстардың палаталдануын білдіреді[14]. Дауысты дыбыс үстіндегі макрон ұзақтығын білдіреді.
Тарихы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Лингвистикалық сипаттамасы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Фонетика және фонология
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Дауысты
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Лив тілінің дауысты дыбыстар жүйесі[10][15]:
Көтерілу | Тілдің орналасуы | ||
---|---|---|---|
Алдыңғы | Орта | Артқы | |
Көтеріңкі | i iː | u uː | |
Орта-көтерінкі | ɘ ɘː | ɤ ɤː | |
Орта | ɛ ɛː | ə | ɔ ɔː |
Астыңғы | æ æː | ɑ ɑː |
Ә дауыстысы екпінсіз буындарда, ɘ дауыстысының алафоны болып табылады. Екеуіде õ әріпімен белгіленеді.
Дифтонгтар екпінді буындарда ғана кездеседі. Олардың барлығы, ie - ден басқа, бәсеңдейтін екпіндер[16].
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ a b Соңғы лив тілінде сөйлейтін адам өлді. Гризельда Кристинь (Grizelda Kristina), әлемде лив тілінде сөйлейтін соңғы адам болып саналатын, Канадада 103 жасында өледі. The Times хабарлағандай, қазіргі мезетте әлемде лив тілінде сөйлей алатын 40 адам бар, бірақ ешқайсысына лив тілі ана тілі болып келмейді. (орыс.). lenta.ru Наука и техника. Тексерілді, 23 желтоқсан 2014.
- ↑ Әлем тілдері. Орал тілдері — 1993. — ISBN 5-02-011069-8.
- ↑ КСРО халықтарының атаулары. Этнонимикаға кіріспе — 1973. — ISBN 200-0-000-18117-4.
- ↑ Livonian in the 21st century. — 2014. — ISBN 978-2-343-02592-6, EAN 9782343025926. — ISSN 0071-2051.
- ↑ Введение в историческую уралистику — Ижевск, 1997. — ISBN 5-7691-0671-9.
- ↑ Ливы и ливский язык. — 1958.
- ↑ Лаанест А. {{Лив тілі}}
- ↑ Иллич-Свитыч В. М. [1971_Illich-Svitych.pdf Опыт сравнения ностратических языков] — М.: Наука, 1971. — P. 63.
- ↑ Livonian — München, 2002. — ISBN 3-8958-6158-8, ISBN 978-3-8958-6158-1.
- ↑ a b Вийтсо Т.-Р. Языки мира. Уральские языки — Наука, 1993. — P. 77. — ISBN 5-02-011069-8.
- ↑ a b Kādi dokumenti apliecina, ka lībiešiem ir īpaša vieta Latvijā? (латыш.). valoda.lv (12 желтоқсан 2011). Тексерілді, 22 желтоқсан 2014. Дереккөз қатесі: Invalid
<ref>
tag; name "Kādi dokumenti" defined multiple times with different content - ↑ Ernštreits V. Livonian Orthography 12. Linguistica Uralica.
- ↑ Ernštreits Livonian Orthography 17. Linguistica Uralica.
- ↑ de Sivers F. Parlons live: une langue de la Baltique — Paris; Budapest; Torino: L'Harmattan, 2001. — P. 24. — ISBN 2-7475-1337-8, ISBN 978-2-7475-1337-1.
- ↑ Moseley Ch. Livonian — München: Lincom Europe, 2002. — P. 14. — ISBN 3-8958-6158-8, ISBN 978-3-8958-6158-1.
- ↑ Moseley Ch. Livonian — München: Lincom Europe, 2002. — P. 19. — ISBN 3-8958-6158-8, ISBN 978-3-8958-6158-1.