Мазмұнға өту

Леонид Иович Гайдай

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Леонид Иович Гайдай
Сурет
1941 жылғы сурет
Жалпы мағлұмат
Туған күні

30 қаңтар 1923 (1923-01-30)

Туған жері

Свободный, Амурск губерниясы, РКФСР, КСРО

Қайтыс болған күні

19 қараша 1993 (1993-11-19) (70 жас)

Қайтыс болған жері

Мәскеу, Ресей

Мамандығы

режиссёр, сценарийші, актер

Белсенді жылдары

19551992

Бағыты

комедия

Марапаттары

I дәрежелі Отан соғысы ордені— 1985|Халықтар Достығы ордені|Құрмет Белгісі ордені|Жауынгерлік еңбегі үшін медалі|Владимир Ильич Лениннің туғанына 100 жыл мерекелік медалі|1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгені үшін медалі||||||
КСРО халық әртісі— 1989
Алтын тоқты (1993)

IMDb

ID 0301145

http://leonid-gaidai.ru/

Леонид Иович Гайдай (1923—1993) – кеңестік кинорежиссёр және сценарийші, КСРО халық әртісі (1989).

Оның көптеген туындылары культті фильм болып танылды.

Әкесі Иов теміржолшы болған. 1906 жылы ол саяси баппен тұтқындалып, екі жылдан кейін Қиыр Шығысқа айдалады.[1] Шешесі Мария Рязань облысынан болады. Олар құрған жанұяда үш бала туады, Леонид кенжесі болады.

1941 жылы мектеп бітірісімен ол Ұлы Отан соғысына аттанады. Бастапқыда Моңғолияда қызмет етіп, кейін Тверь жаққа жөнелтіледі. 1943 жылы барлау кезінде минаның жарылысынан жараланып, жарты жылдай эвакогоспитальда емделіп жатады. Бірнеше соғыс медалімен марапатталады.

1949—1955 жылдары ВГИК-те режиссёрлік факультетте оқиды. Одан кейін «Мосфильмде» жұмыс істей бастайды.

Өзі түсірген фильмдердің көбісіне сценариін өзі жазған, кейде кішігірім рөлдерді де ойнаған.

Әйелі Нина Павловна Гребешковамен 40 жыл бірге өмір сүрген. Ол жұбайының 9 фильмінде түскен екен. Олардың қыз баласы — Оксана.

Есімінің ұлықталуы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

«Мосфильмдегі» алаңдардың бірі кинорежиссёрдің есімімен аталады.

2000 жылы 23 жыл бұрын ашылған астероидке Гайдай есімі берілді.

2013 жылы Мәскеуде Гайдай тұрған үйдің қабырғасына мемориалды тақтай орнатылды.

2016 жылы Курган қаласында жаңа көшелердің біріне режиссёрдің есімі берілді.

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]