Латимерия

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Латимерия
Latimeria chalumnae
Latimeria chalumnae
Амандық күйі
Ғылыми топтастыруы
Дүниесі: Animalia
Жамағаты: Chordata
Табы: Sarcopterygii
Кіші табы: Coelacanthimorpha
Сабы: Coelacanthiformes
Тұқымдасы: Latimeriidae
Тегі: Latimeria
Түрі: L. chalumnae
Екі-есімді атауы
Latimeria chalumnae
J. L. B. Smith, 1939
A.
Латимерия.

Латимерия (лат. Latimeria chalumnae) – сүйекті балықтардың қалаққанаттылар класы тармағына жататын саусаққанатты балық. Латимерия Целаканттәрізділер отрядының қазіргі кезде сақталған бір ғана түрі. Мұндай балықтар бұдан 70 — 80 млн. жыл бұрын жойылып кеткен деп есептелінген. Мадагаскар аралы төңірегі мен Үнді мұхитында (Комор аралдары) тереңдігі 300 — 400 м. су түбінде тіршілік етеді. Денесі ірі космоидты типті қабыршақпен қапталған. Денесінің ұзындығы 180 см, салм. 95 кг-дай. Ми көлемі кішірек, ішкі танау тесігі болмайды. Арқа жүзбеқанаты екеу, құйрық қанаты қосымша қалағы бар дифицеркальды типті (үш қалақты). Көкірек және құрсақ жұп жүзбе қанаттары саусаққа ұқсас, соған байланысты саусаққанатты балық деп те атайды. Қаңқасында шеміршек басым. Тірек қаңқасы хордадан және омыртқаның невралды доғаларынан тұрады. Миы кішкентай. Хоаналар жоқ, торсылдағы біршама редукцияға ұшыраған. Жүрегі қарапайым құрылысты, артериальдық конус бар. Ішегінде спиральды клапан сақталған. Клоакаға жалғасады. Акула секілді тепе-теңдік сақтау үшін мочевин түзейді. Латимерияға тірі жұмыртқа туу тән. Ірі жұмыртқалары (қимасы 10 см) жұмыртқа жолында дамиды. Латимерия алғаш рет 1938 ж. Оңтүстік Африка жағалауында ауға түсті. Оны ағылшын ихтиологы Дж.Смит жергілікті жердегі мұражай меңгерушісі әрі осы балықты өзіне анықтауға ұсынған Латимер есімімен атады. Латимерияның табылуы — 20 ғасырдың зоология ғылымының үлкен жаңалығы деп бағаланды. 1952 ж. Латимерия балығының 2-данасы да Комар аралдарының маңынан, ал 1977 жылға дейін 87 данасы ғана ұсталынды. Латимерия жануарлар дүниесінің эволюциялық дамуында ең алғашқы құрлыққа шыққан қосмекенділер — стегоцефальдардың арғы тегі деп саналады. Латимерия реликт түр ретінде Халықаралық табиғат қорғау одағының “Қызыл кітабына” енгізілген.[1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Қазақ Ұлттық Энциклопедиясы