Ламбеозавр
Көрініс
Ламбеозавр — басында үлкен айдары бар үйректұмсықты динозавр. Айдар сүйегінің іші қуыс болған. Көлемі оның бассүйегімен бірдей ғана болатын. Барлық динозаврлар секілді ламбеозавр да өзінің айдарын дыбыс шығару үшін немесе иіс сезу қабілетін күшейту үшін пайдаланған. Әлбетте, тынс алу тесіктері де айдарында орналасты. Оның көру және есту қабілеттері өте жақсы дамығанымен, табиғи қорғанысы болмаған. Ламбеозавр — ірі денелі гадрозавр.
Қызықты дерек
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- Ламбеозавр — жылдам қимылдайтын динозавр.
- Ол екі аяқпен жүріп, тқрт аяғынан тұра білген.
- Ламбеозаврлар Мексика мен Солтүстік Америкада өмір сүрген.
Мәліметтер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- Қорегі : өсімдіктер
- Салмағы : 25 тоннаға жуық
- Тұқымдас : Гадрозаврид
- Отряд тармағы : Орнитопод [1]
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Динозавр энциклопедиясы—Алматы: „Аруна“ баспасы